Жаналықтар

Көкпекті аудандық сотының қызметкерлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады

Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы Көкпекті аудандық сотында судья Н.Б.Жаныбекованың және сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының халқына жолдауы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы өз сөзінде: «Елбасы Ә.Н.Назарбаевтың осы Жолдауында бірегей сипат бар, себебі Қазақстанды жүйелі жаңғырту шаралары көрсетілген нақты бағдарлама бар. Алдыға қойылған мақсатты жүзеге асыруға еліміздің әрбір азаматы қатысуы қажет. Біз, мемлекеттің сот жүйесінің өкілдері ретінде, Жолдаудың қағидасын іс жүзінде жүзеге асыруға нәтижелі қолдау көрсетуге ниеттіміз.Азаматтардың конституциялық құқықтарын және заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. 

Кездесу қорытындысында қатысушылар Елбасымен алға қойылған  тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі