Жаналықтар

«Дауды соттан тыс Медиация тәртібінде реттеу туралы»

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төраға м.а. А.Амреева Көкпекті ауданы прокуратурасының прокуроры К.Чукуевтың және сот мамандарының қатысуымен «Дауды соттан тыс Медиация тәртібінде реттеу» тақырыбында семинар сабағын өткізді. 

А.Амреева өзінің баяндамасында, мемлекет басшысының республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың ақпан айында медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске қосқаны жайлы атап өтті. Сонымен бірге қатысуышларды аталған пилоттық жобамен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, аталған пилоттық жобаның  мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу мен шығару және кондоминиумді басқару, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізуді қамтитындығын түсіндірді.

Сондай-ақ, ол дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталған жаңа пилоттық жоба бұл институттың дамуына ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігіне тоқталды.

Семинар соңында А.Амреева аталған тақырыпта қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі