Жаналықтар

Сотта өткізілген семинар

Көкпекті аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ш.Қалдыбаевамен кеңсе қызметкерлері арасында «Сот актілерін беру тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы «5» наурыздағы № 6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген Аудандық және оған теңестірілген сотта іс-қағаздарын жүргізу Ережесінің 166 тармағына назар аударды.

Семинар қорытындысында, Ш.Қалдыбаева сот актілерін бұрмалау фактілерін болдырмау мақсатында, сот актілерін беру кезінде  Аудандық және оған теңестірілген сотта іс-қағаздарын жүргізу Ережесінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін атап өтті.

Семинарды  қорытындылай келе барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсініктемелер берілді. 

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі