Жаналықтар

1 қыркүйек - Білім күні!

Сыңғырла Күміс Қоңырау
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша көкпектіліктер!
Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

Жаңа оқу жылының бірінші күні бірнеше ұрпақ өкілдерін біріктірген, дәстүрге айналған мереке: балабақшаларда тәрбиеленушілерден бастап мектеп немесе жоғарғы оқу орындарын аяқтаған адамдарға дейін тойлайды деп айтса артық болмас. Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ұстаздары – бізді қоршаған әлеммен таныстыратын адамдар. Жыл сайын ауданның білім беру мекемелерінде көптеген жаңа бағдарламалар енгізілуде, біздің оқушылар мен студенттер олимпиадаларда жеңістерге жетіп және әр деңгейдегі конференцияларда жоғары біліктіліктерін көрсетуде, ал олардың тәлімгерлері әрдайым өз кәсіби шеберлігінің дәрежесін арттыруда. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Құрметті білім саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

А. Смаилов, Көкпекті ауданының әкімі
Т.Сарманов аудандық маслихат хатшысы