Жаналықтар

Биғаш ауылында «Ауыл күні» мерекеленді

Көкпекті ауданының Биғаш ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында Биғаш ауылының елжанды азаматтарының бастамасымен «Ауыл күні» аталып өтті. Берекелі мерекеге жиналған барша аудан тұрғындары қазақ күресі, тай жарысы, аламан бәйге және футбол ойындарын тамашалады. Дәстүрлі іс-шараға аудан әкімі атынан аудан әкімінің орынбасары Д.Койгельдин қатысып, аудан тұрғындарын құттықтап, осындай шараның аудан тұрғындары арасында аса қызығушылық танытатының атап өтті.