Жаналықтар

Рәміздер күні Көкпекті ауданында кең көлемде аталып өтті

Жастар орталығының бастамасымен Тәуелсіздік нышандары әспеттеліп, көпшіліктің рухын көтеретін шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік автошеру орталық көшелерді айналып, балдырғандар бастаған велошеруге ұласты. Спортшы жастар ауыл сыртындағы төбеге мемлекеттік ту көтеріп, Толағайға бет алды. Аудан символына айналған аңыз Толағай шыңын бағындырып, тау төбесіне ту орнатты. Толық репортаж аудандық газеттің кезекті шығарылымында жарық көреді.