Жаналықтар

2018 жылдың 28 мамырында ШҚО «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» (Сейпилов М.А.) және «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» (Кабдешова Г.Б., Меирбаева З.С.) мамандары өндірістегі жұмысшыларға жұмыс уақытын үзбей түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөлім мамандары Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы, Арнайы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Өрнек» шаруа қожалығы, Үлкенбөкен ауылындағы орман шаруашылығы қызметкерлеріне 5 әлеуметтік төлем және мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.
- «Жұмыстан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем». Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысына жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер.
- «Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайды төленетін әлеуметтік төлем». Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін медико- әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгіленген күннен бастап туындайды.
- «Әлеуметтік аударымдар» міндетті әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік жасқа толған адамдарды қоспағанда («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11- бабының 1- тармағы), Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасы аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанды қызметкерлер, өзін- өзі жұмыспен қамтыған адамдар жатады.
- «Асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем» асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемге құқық- қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген қайтыс болған күнінен бастап, не азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.
- «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем» еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап туындайды, еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды.
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету ретімен өндіріс жұмысшылары таныстырылды.
Төлемдер мен жәрдемақылар туралы толығырақ ақпаратты мынадай ақпарат көздерінен алуға болады: мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы 1414 (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін) немесе www.gfss.kz сайты.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімінің басшысы Б. Оразгалиева