Жаналықтар

Мерекелік викторина

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсыңында мерекелік викторина өтті. Бұл шараға соттың барлық қызметкерлері қатысты. Шараның ашылуы Қазақстан Республикасының әнұраны ойнауынан басталды. Байқау ережесі бойынша қатысушылар екі командаға бөлініп, келесі тақырыптар аясында сұрақтар қойылды: Тудың авторы кім? Бейнеленген шаңырақ қандай мағына береді ? Әнұранның жаңа мәтіні қашан қабылданған? іспеттес сұрақтарды қамтыды. Сонымен қатар қатысушылар қызықты тапсырмалар орындады.

Шараны қорытындылай келе сот төрағасы Н.Нуралинов еліміздің мемлекеттік рәміздерінің отансүйгіштікті тәрбиелеуде, қоғамның өзін өзі азаматтық танудағы, еліміздің егемендігін күшейтудегі маңызды рөлі жайлы айтып берді. Сонымен бірге ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтқан сөзінен бір мысал келтірді: «Мемлекеттік рәміздер-ол мемлекетіміздің, егемендігіміздің  берік негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздігімізді біріктіретін бейнені білдіреді»- деп атап өтті.