Жаналықтар

Көкпектіліктер Жеңіс күнін кеңінен атап өтті

2018 жылдың 9 мамыр күні Көкпекті ауылының Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің, мекемелер мен ұйымдардың және аудан тұрғындарының қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараны 140 адамнан құралған «Даңқ полкы» бастап, тақырыптық театрландырылған көріністермен жалғасты. Шараның салтанатты бөлімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Теміржанов сөз сөйлеп, даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар, шараның салтанатты бөлімінде Ұлы Отан соғысының ардагері Кинбаев Елеусіз, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Мукашев және аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы А.Цыбенко сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.