Жаналықтар

Құрметті көкпектіліктер!

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73жылдығы аталып өтеді.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек. Ұлы Жеңісті жақындатуға жерлестеріміздің қосқан үлестері өлшеусіз. Қаһармандық пен ерліктің арқасында ұлтымыздың биік рухы мен бірлігін көрсеткен ардагерлеріміздің алдында тағзым етеміз.
Біздің жерлестеріміз, көкпектіліктер, өздерінің ерен еңбегімен Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты.
Ардақты ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Кейінгі ұрпақ жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруі үшін қан майданды бастан кешірген өздеріңізге әрдайым тағзым етеміз. Жеңіске жеткізген батылдықтарыңыз, ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде қалады.
Бұл мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

М.Теміржанов, Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Т.Сарманов,  маслихат хатшысы