Жаналықтар

Құрметті жерлестер!

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 26 жыл толып отыр. Осы аталған мерейтоймен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.

Басқа мемлекеттермен салыстырғанда, біздің елімізде аспанымыз ашық, бейбітшілік орнаған. Осының өзі еліміздің Отанын қорғаушылардың Отанына деген шексіз адалдығының дәлелі десек, артық айтпаспыз. Олардың батылдықтары мен Отанға деген ыстық сезімдері егемен еліміздің өскелең жас ұрпағына үлгі және өнеге.
Сіздерге ізгі ниетпен зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз. Ортақ үйіміз, Отанымыз Қазақстанның гүлденуі үшін еренбей төккен еңбектеріңіз жемісті болғай.
Көп ұлтты халқымыз әрдайым бірлікте және татулықта, Отанымыз тыныштықта, бейбітшілікте болсын, ағайын.  

М.Теміржанов, Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Т.Сарманов,  маслихат хатшысы