Жаналықтар

БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.  

«Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, БЖЗҚ-ның оң беделін қалыптастыру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімді нығайту қажет. Сонымен қатар дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитін қалыптастыру және ерікті зейнетақы жоспарларын дамыту керек, - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшы үшін кәсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Осы міндеттерді орындау үшін 2018 жылы сәуірде Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторы қолданылады.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екі апта ішінде (2-14 сәуір аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткізді. Бұл ретте консультациялардың басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткізілді.