Жаналықтар

Жайдарман финал

2018 жылдың 13 сәуірінде аудандық Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жастар орталығының және Көкпекті жастары ЖҚПБ ұйымдастыруымен «Жарасым маусымы - 2018» жайдарман финалдық ойыны өтті. Жыл көлемінде 20-ға жуық топтардың ішінен суырылып шыққан 5 команда сайысқа түсті. Мәдениет үйінің көрермендер залын лық толтырған жайдарман ойыны өте тартысты өтті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Шұғылбай ауылы жеңіп алды. Екінші орынды Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі және үшінші орынды Тассайдан келген команда еңшіледі. Самар және Көкжайық командалары алғыс хаттармен марапатталды. Бүгінгі күні жайдарман ойыны жастардың сүйіп көретін және сүйсініп ойнайтын әзіл алаңына айналды.