Жаналықтар

Көкпекті ауданының   мемлекеттік және  басқа тілдерді   оқыту   орталығында  өткен «Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлері 2018» байқауытуралы ақпарат

2018 жылдың 10 –сәуір күні   Көкпекті ауданының   мемлекеттік және  басқа тілдерді   оқыту   орталығында «Шығыстың ұлы тұлғалары »атты облыстық айлық аясында «Мемлекеттік қызметтегі тіл шебері2018»атты мемлекеттік тілді меңгергенВ1 деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілер арасында байқау ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: Қазақ тілін қоғам құндылығы ретінде асыру; мемлекеттік қызметкерлердіңтілдік мәртебесін көтеру.Байқауға дербес бөлімдер  және ауылдық округ мамандары қатысты.Байқау 3 қезеңнен тұрды. 1.«Жазба тіл шебері»; 2. Сөз шебері »; 3.«Қиыннан қиыстырар ер данасы». Байқауға қазылық еткен төрешілер  «Нұр Отан» партиясының филиалының консультанты Акшабаева Гүлбаран Майлыбайқызы,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Курмангалиева Жанар Сакеновна, «Жұлдыз, Новая жизнь » газетінің корреспонденті Нургалымова Шолпан Асылбекқызы болды. Байқаудың қорытындысы бойынша Көкпекті ауылдық округінің бас маманы Қонақаева К.С «Жазба тіл шебері»номинациясын , Тассай ауылдық  округінің бас маманы Қайкибаева С.К, «Қиыннан қиыстырар ер данасы » номинациясы, Кеңсе бөлімінің бас  маманы Шыныбаева М.С «Сөз шебері»номинациясына иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.