Жаналықтар

«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz)Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы

№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

1 сұрақ: Бөлме гүлін сатып алдық, бір жұмадан кейін солып қалды. Сатушыға жүгініп едік, ақшасын қайтарудан бас тартты. Осындай жағдайда не істеуге болады?

Жауап: Заңның 10-бабына сәйкес, тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар.Егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы;

Сатушы тауар туралы, қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.

Заңның 15-бабына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса,шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Заңның 22-бабына сәйкес, тұтынушы тауарды өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы өздігінен немесе өкіл арқылы (адвокаттық контора, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер) сотқа жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңының 15 бабына сәйкес, өсiмдiктен алынатын өнiмМемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер болып табылады. Облыс  аумағында  мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру,Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының құзіретінде, және қалалар мен аудандарда аудандық аумақтық инспекциялары жұмыс атқарады.

2 сұрақ: «Жаппай сату»  кезінде алынған  тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады ма?

Жауап: Егер сатушы тұтынушыға, тауардың кемшіліктері барынжәне сол себептен арзандатылып сатылатынын хабарламаса, тұтынушының оны қайтаруына қарсы болуға құқылы емес. Заңға сәйкес, сатушы кемшіліктері туралы алдын ала ескерткен жағдайда, тауар қайтаруға және айырбастауға жатпайды.Берілген жағдайда тұтынушы сапалы тауарсатып алған, сондықтан бұл жағыдай Заңның 14-бабының 1 тармағымен реттеледі, оған сәйкес: сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.

Заңның 30 бабына сәйкес, стушы мыналардықоспағанда: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды; іш киімді; шұлық-ұйық бұйымдарын; жануарлар мен өсімдіктерді; метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.

Сатушы тауарға төленген ақшаны қайтарудан бас тартқан жағдайда, Заңның 22-бабына сәйкес, тұтынушы тауарды өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы сатушығы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы өздігінен немесе өкіл арқылы (адвокаттық контора, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер) сотқа жүгінуге құқылы.

3 сұрақ:дүкеннен өлшеулі піспенан сатып алдым, жағымсыз исі бар екенін үйде аңғардық. Осындай жағдайда не істеуге болады?

Жауап:    Заңның 15-бабына сәйкес,  тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса,шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Заңның 30-бабының 1-1-тармағына сәйкес, сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңының 11-бабына сәйкес, сатушылар жүзеге асыратын қызметіне сәйкес  Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

Сондай-ақ, Департамент, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (ары қарай ӘКБК) 203-бабына сәйкес,  дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатылғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылғанын, және ол халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту саласына қадағалау және бақылау жасайтын уәкілетті орган және мемлекеттік кіріс органдарымен салынатынын хабарлайды.

Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:

        - құқықты бұзған сатушыға (дайындаушыға) сотқа дейінгі наразылықпен,

        - тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктеріне,

        - сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы. 

Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса  тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

Сіз сатып алынған тауар бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.