Жаналықтар

«Ұлы дала дарыны»  халықаралық байқау жүлдегерлері

Ағымдағы 2018 жылдың  3 - 5 сәуір  аралығында Семей қаласында өткізілген  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала дарыны» атты халықаралық   байқауы  өтті. Аталған байқауға  Көкпекті ауданының   Балалар өнер мектебінің  оқушылары : Мурат Бақдаулет, Оразкен Арман, Талғатбекұлы Бекзат, Юсупова Дильназ, Ақылбаева Дина вокал сыныбынан, «Балауса» кіші, үлкен би топтары, «Жұлдыз-ай» би тобы, «Тұмар» және «Көркем» би топтары хореография сыныбынан қатысты. Халықаралық  сайыс қорытындысы бойынша Мұрат Бақдаулет (жетекшісі Д.Ахметжанова) «Бас жүлде» және кубок, Оразкен Арман, Юсупова Дильназ  (жетекшісі А.Есполова) қола жүлде, медальдармен  марапатталды , Талғатбекұлы Бекзат, Ақылбаева Дина I дәрежелі дипломанттары және медальдармен  марапатталды жәнеде «Балауса» үлкен би тобы орыс биімен  «Бас жүлде», «Балауса» кіші би тобы қола жүлде иегері атанды (жетекшісі Н.Оспанова), «Жұлдыз-ай» би тобы «Пчелка» биімен  қола жүлде (жетекшісі З.Оразаева) ,  «Тұмар» би топтары «Алтын» және «Күміс» жүлде иегерлері, «Көркем» би тобы «Алтын» жүлде иегерлері (жетекшісі Б.Маутбекова).  Осы   байқауда қола жүлде иегерлеріне  ұйымдастырушы тараптарынан сыйлықтар , жетекшілері Н.Оспанова, З.Оразаева, Д.Ахметжанова, А.Есполова, Б.Маутбековаға  мадақтамалар берілді.

Балалар өнер мектебі