Жаналықтар

Құрметті ақ жаулықты аналар! Аяулы арулар!

Сұлулық пен даналықты бойына дарытқан әйелдер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Сіздер түрлі салада қызмет өте отырып, ауданымыздың өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Еңбектеріңіз жанып, биіктерден көріне беріңіздер! Ана қуанышы, әйел қуанышы- әр шанырақтың, отбасының, Отанның мерейі. Сондықтан құанышты күндеріңіз көп болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, толағай табыстар тілейміз!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, иолардың өмір сүру деңгейін арттыруға  айырықша маңыз маңыз беріледі.

Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл- күй сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Баршаңыздың отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

Қымбатты абзал аналар, сүйікті арулар!

Басқаша тарихи жағдайларда өмірге келген бұл мереке жылдар өте жаңа мазмұнмен толыққанымен, бұрынғысынша тіршілік пен сұлулықтың, махаббат пен үміттің мерекесі болып қалып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда ел Президенті Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының тарқасында әйелдердің құқытары мен мүдделерін қорғауға ерекше көңіл аударылып келеді. Әйелдің мейрімі, махаббаты мен жан шуағы әр уақытта кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі,қоғамда биік адамгершілік құндылықтардың сақталуына , әр ұлт өкілдерінің арасындағы келісім мен бірліктің нығаюына ықпал етеді.

Сіздерге баянды бақыт, отбасында береке- бірлік, шанырақтарыңызға шаттық және барлық арман-мұраттарыңыздың орындалуын тілейміз. Мерекелеріңізбен, қымбатты әйелдер!

Аудан әкімі, Р. Сағандықов

Аудандық мәслихат хатшысы, Т. Сарманов