Жаналықтар

Астана қаласының 20 жылдығына орай,  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:»  бағдарламасының аясында,  8-наурыз халықаралық әйелдер күніне  арналған аудандық    «Алтын ене,  құтты келін» атты  енелер  мен келіндер арасындағы   сайысының ақпараты.

Отбасылық татулық пен бірлікті арттыру, отбасының рухани – адамгершілік тәрбиедегі байланысын нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау және Дарынды  отбасының шеберлігін  шыңдай түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау мақсатында 2018 жылдың 5 наурыз күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Аудандық «Алтын ене, құтты келін» атты ене мен келіндердің сайысы өткізілді.

17 селолық округ арасынан 2 селолық округ үміткерлері қатысты. Олар Шұғылбай селолық округінен: Тохтаровтар әулеті және Белое селолық округінен Иматуллиндер әулеті.

Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

І кезең: «Үлгі болар отбасым» атты  шығармашылық визиткасы

ІІ кезең:  «Тығырықтан шығу амалдары» атты – тұрмыстық оқиғаларға байланысты сұрақ-жауап кезеңі.

ІІІ кезең: «Шебердің қолы алтын» – қолөнер сайысы

IV кезең: «Сұлулық сыры» – жаулық байлау әдісі 

V кезең: «Ас - адамның арқауы» –  ас дайындау сайысы

VI кезең: «Әсем әуен сырнайы» – өнер сайысы

Барлық  кезеңнен соң әділқазы алқасы өз шешімін шығарып, І-орынды Шұғылбай селолық округінің Тохтаровтар әулетіне ал ІІ-орынды Иматуллиндер әулетіне табыстады.