Жаналықтар

"Қазіргі жастардың рухани мәселесі"  тақырыбындағы дөңгелек  үстел

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2018 жылғы 2 наурызда Шығыс Қазақстан  облысы Көкпекті ауданы Көкпекті  орта мектебінде білім және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен "Қазіргі жастардың рухани мәселесі" атты  дөңгелек  үстел өтті.

Дөңгелек  үстелге  ауданымыздың  60- тан аса  жас ұстаздары, аудандық жастар орталығы мен ішкі саясат бөлімінің мамандары, ақпарат құралдары өкілдері қатысты. «Рухани жаңыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  "Қазіргі жастардың рухани мәселесі" тақырыбында бірнеше баяндамалар  оқылды: «Қазіргі  жастардың  мәселесі,олардың тұлға ретінде қалыптасуындағы  рухани құндылықтар», «Қазіргі  жастардың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, оқу – тәрбие процесіндегі белсенділігін сипаттау».

Екі кезеңнен тұрған дөңгелек үстелдің бірінші кезеңі танысу тренингісінен басталып, баяндамалар оқумен жалғасты. Екінші кезең бой сергіту тренингісімен басталып, ұстаздардың  тақырыптық ой - пікір білдірулеріне ұласты. Ортақ «Қазіргі жастардың маселесі оның шешу жолдары» тақырыбы талқыланып, қатысушы бөлім мамандары жас  ұстаздардың түрлі  сұрақтарына  жауап  беріп, сұхбаттасты.Жас ұстаздар түйткіл болған мәелелеріне  жауап ала  білді. 

Қорытындылау сәтінде  қатысушылар  дөңгелек үстел  жұмысын жоғары бағалап, жұмысқа деген ынталарының артқанын, ерекше патриоттық сезімге  бөленгендерін айтты.

 

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі