Жаналықтар

Алғыс айту күні аталып өтті

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп белгіледі.

2018 жылдың 1 наурыз күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Алғыс айту» күніне арналған аудандық салтанатты жиын ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға ауыл тұрғындары, жастар, мектеп оқушылары және мекеме мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиын барысында жиналған қауымға тақырыптық видеороликтер көрсетіліп,  аудан әкімінің орынбасары Д.Койгельдин және «Қазпошта» АҚ жұмысшысы Ж.Суюндукова ауыл тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады. Салтанатты іс-шара аудандық мәдениет үйі мен балалар өнер мектебінің   өнерпаздарының тамаша концертімен жалғасты.