Жаналықтар

«Алғыс-ризашылық белгісі» тақырыбында  алғыс айту күніне арналған шығарма сайысы  акпарат

1- Наурыз  алғыс  айту күніне  орай  аудандық кітапхана қызметкерлері   Көкпекті орта  мектебінде Д.Түсіпжанова жетекшілік ететін   6 «В» сынып  оқушыларымен  «Алғыс - ризашылық белгісі» тақырыбында  шығарма  сайысын  өткізді.  Алғыс  айту,  ризашылық білдіру  бұл  Қазақстан  көп  ұлтты  мемлекет болғандықтан,  ұлттарымыздың арасында да  тойланатын мереке.

Алғыс  айту  ұлт, халық  таңдамайды. Біздің тыныш,  тату-тәтті, ұйыған  айрандай  болып отырумыз   татулықтың белгісі екенін  оқушылар  өз шығармаларына  арқау  етті.  Шығарма  жазуда шеберлік  танытқан  оқушылар  қатарында   Кумарова Азиза,  Коробкина Дарья, Искакова Гузель, Окасов Руслан   болды.

Аудандық кітапхана директоры    Ибраева А.С