Жаналықтар

Елордадағы ең көрікті жеті орын

Жуырда еліміздегі көпшілікке әйгілі Массагет сайтының редакциясы елорданың ең көрікті деген жеті көрнекі орнын жария етті. Сайт редакциясы бұл тізімді жасағанда отандық және шетелдік БАҚ-тардың мәліметтерін назарға алғанға ұқсайды. Сонымен, ең танымал жеті орынға мыналар ілігіп отыр. Елордадағы ең көрікті жеті орын :

1. «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі – 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1 мың тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі – 22 метр, салмағы – 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі – Норман Фостер. 2002 жылы ашылған кешен Астана қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның нышанына айналды. Мұнара негізгі үш әлемнен құрылған: жерасты, жер және аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини- галереясы орналасқан. Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Зал ортасында әлемдік діндердің өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және Қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алақанының таңбасы орналасқан.

 2. «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы бұл кешенде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады.

3. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент – кең-байтақ қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.

4. «Хан-шатыр» сауда және ойын- сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған. Арнайы қондырғылар ішкі температураны бірқалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын- сауық орындары жұмыс істейді.

5. «Думан» ойын-сауық орталығы. 2003 жылы жұмысын бастаған бұл кешенде океанариум (мұхитаралы), 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл – ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әртүрлі көлемдегі 11 аквариумда екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.

6. «Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара – тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.

7. Сан алуан декоративтік мүсіндер. Астана қаласының басшылығы суретшілер, дизайнерлер және сәулетшілердің арасында үлкен байқау ұйымдастырғанды. Шарт бойынша сәулетшілер байқауға қала көркін ашатын жобаларды ұсыну керек еді. Байқау аяқталған соң, үздік деп танылған жобалар Астана көшелерінен орын алды. Қоладан тұрғызылған мүсіндер әр қилы болғанымен, олардың барлығы қаланың сәнін кіргізіп, көпшілік қауымның сүйікті демалыс орындарының біріне айналд