Жаналықтар

Құрметті салықтөлеуші!

Мемлекеттік қызметтегі немесе жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған, шартты түрде мерзімінен босатылған азаматтар (жұбайлары) ҚР Салық кодексінің 363 бабы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы және  ҚР Қылмыстық атқару Кодексі негізінде 2017 жылғы  салық салу обьектісі болып табылатын мүліктер мен табысы туралы мәліметін, яғни декларациясын тұрғылықты мекен-жайы бойынша Мемлекеттік  Кірістер басқармасына ағымдағы жылдың 31 наурыз  күнінен кешіктірмей тапсырылуы тиіс екенін хабарлайды.

Салық салу обьектісі болып табылатын мүліктер мен табысы туралы мәліметін, декларациясын, әдейі немесе толық мәліметтермен тапсырылмауы, мемлекеттік қызметтегі  және жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған тұлғалар (жұбайлары)  ҚР Заңнамасында көрсетілген тәртіппен ҚР ӘҚБ кодексінің 274 бабының 1 тармағы бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлға тартылады. (2018 ж АЕК – 120,250тг)

Сонымен қатар жарамдылық мерзімі аяқталған немесе жоғалған, және де қолдануға келмейтін жағдайда, электронды цифрлі қол қою кілтің ауыстыру қажеттігін ескертеміз.

Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы