Жаналықтар

Құрметті салық төлеушілер!

Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2017 ж 1 қарашасынан бастап «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің (ары қарай – ЭШФ АЖ) web-қосымшасында «Виртуалды қойма» модулінің пилоттық сынамасы жүргізіп жатқанын хабарлайды.

«Виртуалды қойма» модулі – қоймадағы тауарлардың қозғалысына бақылау жасауға және қалған тауарларды автоматты түрде есептеуге мүмкіндік беретін ЭШФ АЖ-нің қызметі.

«Виртуалды қойма» модулін пилотты сынамалау шеңберінде 2017 жылдың 4 желтоқсанында ҚР ҚМ МКК порталында (Қызмет/Салықтық әкімшілдік/Электронды шот-фактуралар) модульдің негізігі бизнес-процесін қамтитын АРІ-интерфейсі жарияланған.

АРІ-интерфейсінің көрсетілген нұсқасы сынамалы болып табылады және пилотты сынама аяқталғаннан кейін қорытындылар бойынша қолданысқа енгізіледі.

«Виртуалды қойма» модулінің пилотты сынамасы тауарды есепке алудың ерекшеліктеріне байланысты салық төлеушілердің ұсыныстар мен шағымдарын жан-жақты қамту мақсатында жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 31 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 1 қазанына дейін қолданыста болған ERP-жүйелеріндегі АРІ-механизмі нұсқасы бойынша ЭШФ шығару мүмкіндігінің тоқтатылғандығын хабарлаймыз.

Сәйкесінше, ЭШФ жаңа бланкін енгізуге байланысты электронды шот-фактураларды шығару ЭШФ АЖ web-қосымшасы және АРІ-механизмінің жаңартылған құралдары арқылы жүргізіледі.