Жаналықтар

«ҰБТ-ға жүйелі дайындық - білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында өткізілген  дөңгелек үстел

Көкпекті аудандық білім, дене шыңықтыру және спорт  бөлімінің жоспарына сәйкес  2018 жылдың 18  қаңтарында Ж.Шайжүнісов атындағы  орта мектебінің базасында  математика, физика, химия, биология,география  пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ҰБТ-ға жүйелі дайындық - білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты - оқушылардың ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейін анықтау, оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындау және өткізуде математика, физика, химия, биология,география  пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.

Дөңгелек үстел қатысушыларының назарына көп жылдар бойы оқушылары ҰБТ бойынша жоғары нәтиже көрсеткен математика, физика, химия, биология,география  пәні мұғалімдері үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталған пән мұғалімдері «Оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестацияға және ҰБТ-ға дайындау», «Оқушыларды жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары»,  «Күрделі есептерді шешудің оңтайлы жолдары», «Мектеп жұмысының тәжірибесіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы ҰБТ-де табысты нәтижеге жету, коучинг» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетті және ҰБТ-ға нәтижелі дайындау жүйесі мен формалары туралы өз ойларымен бөлісті.

Аталған шараға  ауданның  білім беретін ұйымдарынан жалпы 66 пән мұғалімі қатысты.