Жаналықтар

«Электронды сот төрелігі сот өндірісін жеңілдетеді» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында Самар полиция қызметкерлерінің, Көкпекті аудандық прокуратурасының прокуроры А.Шарапиевтың және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Электронды сот төрелігі сот өндірісін жеңілдетеді» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Баяндамашы соттың жетешкші маманы М.Маутканова  өткізді.

М.Маутканова өз баяндамасында: «Қазақстан Республикасында электронды сот төрелігі үлкен бір құрамнан тұратынын. Олар  «Сот кабинеті» сервисі,  «Талдау» форумы. «Талдау» форумы істердің бірегей класификаторынан тұрады. Яғни,оған сот тәжірибесін жалпылау, сот актілер банкі, Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары кіретіндігін баяндап өтті.

Сонымен бірге жетекші маман М.Маутканова, «Сот кабинеті» сервисі 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқанын, бүгінгі таңда үйден ешқайда шықпай-ақ, осы сервис арқылы еліміздің кез келген сотына жүгініп, жауап алуға болатыны жайлы айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесі, сот мәжілісінің дыбыс-бейне жазба жүйесі, сот құжаттарының электронды мұрағаты, СМС хабарлама арқылы сот мәжілісінің қатысушыларын шақырту, қажетті ақпараттық базалар-мемлекеттік бажды төлеу, сот актілерін орындау бағдарламасы және т.б. талқыға салды.

Қазақстанда электронды сот төрелегін дамыту келер болашақ емес, ол қазіргі уақыттағы шынайылық, ол сот өндірісін жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді шешуге көмектесіп, еліміздің азаматтары үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігіне жетуге ықпалын тигізеді деп жетекші маман өз баяндамасын қорытындылады. 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі