Жаналықтар

«2017 жылдың  12 айының қорытындысы» бойынша  пресс-конференция өтті

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлымен 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне пресс – конференция өткізді.

Пресс – конференция барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы Көкпекті аудандық сотының 12 ай қортындысы бойынша атқарған жұмыстарын баяндап, 2017жылда 54 қылмыстық іс, 403 азаматтық және 299 әкімшілік іс қаралғаның айтты.  

Аталған мерзімде Көкпекті аудандық сотымен 128 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 31 қылмыстық іс,  63 азаматтық іс, 34 әкімшілік іс, ол жалпы сотпен қаралған істін 17 %  құрайды. Көкпекті аумағына қарайтын барлық ауылдық округтарда медиация Заңын насихаттау мақсатында сот төрағасы дөңгелек үстел, халықпен кездесу іс – шаралары өткізілді.

Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 403 арыздың 403 арызы аталған сервис арқылы түскен, ол 100%  құрайды.  Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс - бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалар арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін, ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылғанын атап өтті.

Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты негізде жұмыс жасалатынын  атап өтіп, 2017 жылда аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 62 мақала, облыстық соттың сайтында 116, аудан әкімінің сайтында 125 пресс-релиз жарияланғанын, семинар сабақтары, лекция және дөңгелек үстел сияқты шаралар сотта және басқа мекемелерде үнемі өткізілетіндігі туралы айтылды. Судьялар мен сот  мамандарына қатысты бұқарлық ақпарат құралдарында қандайда бір келеңсіз жарияланымдар орын алмағанын көрсетті.

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі