Жаналықтар

«Рухани жаңғыру: жастар ұлт рухы»

2017 жылдың 1 желтоқсанында Тұнғыш Президент күніне орай аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру: жастар ұлт рухы" атты VІ дәстүрлі жастар форумы өтті. Форумға аудан әкімі Р.Сағандыков қатысты. Биылғы жылы форумының өту бағыты ерекше болды.

Аудандағы барлық сала бойынша белсенді жас мамандардың атқарылып жатқан жұмыстары бойынша көрмелер және жастардың қол өнер көрмесі көрермендерге ұсынылды. Мемлекеттік жастар саясаты бойынша 2017 жылдың жұмысы қорытындыланды. Жастар саясатына үлес қосқан ауданның үздік жастары және аудан намысын түрлі жарыстарда қорғап жүрген жастар марапатталды.

Ерекше айтып өтетін бір жайт биыл Тұнғыш Президент күніне орай, Көкпектілік жастар атынан Елбасымызға ақ тілек жолданды. Форум бағдарламасына сәйкес Көкпекті орта мектебінде жастар арасында футболдан жарыстың ашылуы өтті.