Жаналықтар

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара

Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған   мерекелік іс –шара өтті. Мереке Қазақстан Республикасының ән ұранымен басталды. Залға жиналған көпшілік қауымды арнайы құттықтауға келген, Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы С.Н.Мукашев,  Көкпекті селолық округінің әкімі Е.Ниязбаев аудан тұрғындарын құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

Еліміздің тірегі Елбасымыздың құрметіне М. Бақдаулет «Нұр аға»,   Б.Өмірсерік «Қазақтың баласы»,  Іңкәрім-ай тобы «Туған жер»,  Қ.Бекмолдин жене Т.Заманбековтың орындауындағы «Нұр аға» және т.б әндері көрермен көңіліне жол тартты.