Жаналықтар

Көкпекті аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен Тұңғыш Президент Күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы өз сөзінде, қатысушыларды келе жатқан 1 желтоқсан мейрамымен құттықтай отырып,  жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсултан Назарбаев барлық- қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы екенін айтып, мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу тілеп, жиналғандарға еңбектері үшін алғысын білдірді