Жаналықтар

Көкпекті ауылының Мәдениет үйінде 2017 жылғы 6 қазан күні мұғалімдер күнінеарналған салтанатты іс шара өтті

Көкпекті ауданы әкімі Сағандыков Рамиль Нигметчанович мұғалімдерді, еңбек ардагерлерін, педагог қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын атаулы мерекемен шын жүректен құттықтады.
Білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мустафинова Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталды. Аудандар мен қалалар арасында өткізілген көрсеткіштер рейтингісі бойынша Көкпекті ауданының білім, денешынықтыру және спорт бөлімі «Ең үздік жалпы орта білім жүйесі – 2017» дипломына ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен 4 мұғалім, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мадақтамасымен 6 мұғалім марапатталды. Аудан әкімінің мақтау қағазымен және алғыс хаттармен халықаралық, республикалық сайыстардың жүлдегерлерін дайындаған ұстаздар, ҰБТ-де жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдер білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамасын иеленді.
Балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері және Мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған әдемі би мен әсем әуендері ұстаздардың көңілінен ерекше орын алды.