Жаналықтар

Көкпекті ауданы педагогтарының 2017 жылғы  тамыз конференциясының өтуі туралы

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы – жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға.

2017 жылғы 31 тамызда Самар ауылының Мәдениет үйінде өткен    «Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білім беруге үлес қосу» атты педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясына  300-ден астам адам қатысты: білім беру мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар, селолық округ әкімдері, мұғалімдер, тәрбиешілер, жас мамандар. Конференция жұмысына Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары А.Ж. Акимова қатысты.

Жиында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Н. Мустафинова ж2016-2017  оқу жылындағы өзгерістерге тоқталып, алдағы жоспарларды айтып өтті. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің 2017 жылғы рейтингісі бойынша бала тәрбиесінде талмай еңбек етіп, білім саласының жақсаруына  елеулі үлес қосып жүрген ұстаздар қауымы марапатталды.Жас мамандарға аудан мектептеріне жұмысқа жолдамалар берілді.

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі