Жаналықтар

Мал азығын сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері

2017 жылдың басынан Көкпекті ауданының аумағында мал азығын сақтау орындарында 5 өрт оқиғасы орын алды. Осы өрттердің шығуына адамдар мен балалардың отпен абайсыз болуы себеп болды.
Елді мекендердегі мал азығын сақтау және тасмалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске саламыз:
Жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен кәсiпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларын жағуға жол берiлмейдi.
Тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі жемшөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 5 метрге дейiн қысқартылады.
Мыналарға:
1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырларына жинауға;
2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына жинауға;
3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта жинауға;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, маяларды, сабан және басқа да iрi жем-шөптердi орналастыруға жол берiлмейдi.
Iрi жемшөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
Iрi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады.
Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.

Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Парақтар өзгертілді: 10-08-2017