Жаналықтар

Мал азығын сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ауылшаруашылық құрылым және шаруа қожалықтарының басшыларына  жемшөптi сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін  қатаң сақтауды естеріне салады.

Шөп жинау орны топырақ бiлiгiмен және сым қоршаумен қоршалады. Таразы шөп жинау орнынан тыс орналастырылады. Iрi жемшөптердiң кебендерi (маялары), бастырмалары мен қатарлары электр беру желiлерiне дейiн кемiнде 15 метр, жолдарға дейiн кемiнде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейiн кемiнде 50 метр қашықтықта орналастырылады.
Шөп қоймалары қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейiнгi қашықтық кемiнде 20 метр етiп орындалады, периметрiнің бойымен енi кемiнде 4 метр жолақ жыртылады.
Өндiрiстiк-шаруашылық кешеннiң аумағындағы iрi жемшөп қоймалары арнайы бөлiнген алаңда орналастырылады. Кебендердi (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдардың периметрiмен енi кемiнде 4 метр жолақ жыртылады. Жолақтың шетiнен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейiнгi қашықтық кемiнде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейiн кемiнде 5 метр етіп орындалады.
Бiр кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал престелген шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол берiлмейдi.
Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 20 метр болуы қажет. Қатарларды, бастырмаларды мен кебендердi (маяларды) жұптап орналастырғанда қатарлар мен бастырмалар арасындағы қашықтық кемiнде 6 метр, ал олардың жұптарының арасы кемiнде 30 метр етiп қабылданады.
Кварталдар арасындағы өртке қарсы бөлiктер (бiр кварталда 20 кебен немесе қатар орналастыруға болады) кемiнде 100 метр етіп орындалады.
Ылғалдылығы жоғары шөптер конус тәріздес маяға (шөмелеге) аралары кемiнде 20 метр етіп бөлiп жиналады. Өздiгiнен жануға бейiм ылғалдылығы жоғары шөп маяларында дюймдi қималы металл құбырларға салынатын және әртүрлi тереңдiкте маяға орналастырылатын кәдiмгi сынап термометрлерiнiң көмегiмен температураны тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
Температура 600С астам жоғарылағанда жанған шөп қазып алынады.
Жемшөп қоймаларында жұмыс iстейтiн тракторлар мен автомобильдер ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, ал автомобильдерде сөндiргiш бампердiң астынан алдына қарай шығып тұруы қажет. Ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер қоймаға жұмыс iстеуге жiберiлмейдi. Қоймаға кiрер алдында жүргiзушiлер ұшқын сөндіргіштiң жарамдылығын және нығыз бекiтiлуiн тексередi.
Шығыңқы құбырлармен, коллекторлармен немесе ажыратқыштармен тiкелей жанасуынан жемшөптiң тұтануын болдырмау үшiн тартқыш тракторлар және түсiру жұмыстарымен айналысып жатқан автомобильдер маяларға 3 метрден жақын бармайды.
Жемшөптi тiкелей автомобиль шанағына тиеу кезiнде оның қозғалтқышы сөндiрiледi. Қоймадан шығуға автомобильдiң тұрған орнын тексергеннен және өткiзу құбырына жақын шөптi (сабанды) жинағаннан кейiн ғана рұқсат берiледi.
Жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемiнде 50 текше метр су қоры болуы тиiс.

Көкпекті ауданының ТЖБ

Парақтар өзгертілді: 10-08-2017