Жаналықтар

Балалардың ауладағы қауіпсіздік ережелері

Балаға айтып-түсіндіріңіз:

  • Автокөлік және темір жол бойында, тұрған автокөліктердің жанында, жер төпелерде, шатырдың астында, құрылыс жүріп жатқан жерлерде және басқа да қауіпті жерлерде ойнауға болмайтынын.
  • Қаңғыбас иттер мен мысықтардан аулақ болуды, оларды еш уақытта  ызаландырмауды;
  • Жерден ештене алмауға және жерде жатқан қауіпті заттарға: пышақ, шприц, сынған шынылар, оғаш пакеттер мен түйіншектерге жақындамауға болмайтынын.
  • Арық-атыздарға, каналдарға, бассейндерге, құдықтарға, канализациялық кәріздерге, трансформаторларға, электр сымдарға және т.б. жақындамауға болмайтынын.
  • Танымайтын адамдармен сөйлесуге, оларға еріп-кетіп қалуға, олардың қолынан ешқандай зат, тәттілер алуға, танымайтын адамдардың автокөліктеріне отыруға және т.б. болмайтынын.
  • Ата-анадан қашып кетуге, олардан тығылуға, үлкендерсіз ғимараттарға және көліктерге  ұмтылып кіруге.
  • Балалар далаға шыққанда оларға қымбат әшекейлер мен заттарды тағуға, кигізуге, үйдің кіллтін мойнына немесе басқа да көрінетін жерлеріне ілуге болмайды.
  • Әрдайым бала өз аты-жөнін, тұрғылықты мекенжайын, сондай-ақ, ата-анасының аты-жөнін білуге тиіс.

ШҰҒЫЛ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ:
Құтқару қызметі – 112 (қалалық, барлық  ұялы телефоннан)
Өртке қарсы қызметі– 101
Полиция – 102
Жедел жәрдем – 103
Құрметті ата-ана!Балаларыңызға абай болыңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз!
Көкпекті ауданының  Төтенше жағдайлар бөлімі