|
“Жан – жақты мәдени қарым – қатынас саласындағы іс – тәжірибе және әдіс”
“Бірлік” диалогтық алаң шеңберінде Халықтар достығы үйінде “Жан – жақты мәдени қарым – қатынас саласындағы іс – тәжірибе және әдіс” атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырысқа этномәдени орталық жетекшілері, “Нұр Отан” ХДП, “Қазақ тілі” қоғамы өкілдері, тарихи - өлкетану мұражайы, орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалы мамандары, БАҚ өкілдері т.б. қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Барлық ұлыстардың мәдениетін дамыту және сақтауға бағытталған, жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында Қазақстан саясатын насихаттау.
Отырыста тарихи - өлкетану мұражайы мамандары дайындаған Риддер өңіріне қоныс аударылған ұлыстар туралы мәліметтері, орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалы меңгерушісі Вербицкаяның баяндамасы тыңдалып, талқыға салынды.
|