Аудан әкімі Әкім аппараты Мәслихат Аумақтық органдар Селолық округтер Виртуальды қабылдау бөлмесі Сілтемелер
Жаңалықтар

Көкпекті ауданының әкімі Д.Мусиннің халық алдындағы есебі

 Белое селолық округінде Көкпекті ауданының әкімі Д.М.Мусиннің ауыл  тұрғындарының алдындағы есепті жиналысы өтті. 26 қаңтар күні өткен кездесуге кәсіпкерлер, ұйым басшылары, қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар, зейнеткерлер қатысты.

Баяндамада мемлекеттік органдардың, шағын және орта бизнес  субъектілерінің, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарына жан-жақты талдау жасалды. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы слайд көрсетілді.

Жиналыс аяқталысымен аудан әкімі есепті кездесуін Бастаушы селолық округінде жалғастырды. Кездесуге 258 адам қатысты. Жиналысқа ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттіктің ШҚО бойынша басқарма бастығы Б.А Шөпшекбаев қатысты.

Есепті кездесуде көтерілген мәселелер білім беру, денсаулық сақтау, мал шаруашылығы салаларын қамтыды.

Кездесу барысында аудан әкімі  тиісті тапсырмалар берді.

Алдағы уақытта аудан басшысы 10 селолық округтің тұрғындарымен кездесіп, есеп беретін болады.

 


Көкпекті ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 
 
071000, Қазақстан, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Ш.Фахрутдинов көшесі, 44 «а»
Сайт әкімшісінің байланыс телефондары: 8 (72348) 2-13-80
8 (72348) 2-72-74