Денсаулық сақтау

Медициналық мекемелер

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық аруханасы" ШЖҚ Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорны

http://kokpekticrb.kz/

Рахимбаева Асем ТолеугазиновнаРахимбаева Асем Толеугазиновна, 1978 жылы, ШҚО  Большевик  ауылында дүниеге келген.
Білімі: СММА, Мамандығы – педиатрия.
Еңбек жолын  2003 жылы  Самар орталық аудандық аураханасында  педиатор дәрігер болып бастады.  Өскемен қ. №1 балалар ауруханасында аллерголог дәрігер, “Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері” КМҚК-да педиатор дәрігер болып қызмет етті. 2012 жылы Көкпекті ауданының ОАА Тассай дәрігерлік амбулаторисы жалпы тәжірибелік дәрігер қызметіне жұмысқа қабылданды.
ШЖҚ КМК Көкпекті орталық аудандық ауруханасына Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы М.Е. Шорановтың 25.05.2018 ж. бас дәрігері болып А.Рахимбаева сайланды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімшілігі тарапынан  құрмет грамоталары және алғыс қағаздарымен бірнеше рет марапатталды.
13.07.2018жылы 6М050700 Алматы қаласы Әль-Фараби атындағы  “Қазақ Ұлттық Университетінің” менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес магистратура дәрежесі  берілді.

 

  • Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
  • Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау

Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы – бұл Көкпекті ауданының орталық емдеу-алдын алу ұйымы. Медицина ұйымының негізгі міндеті- халыққа мамандандырылған, білікті медициналық көмек көрсету, сонымен қатар, ауданның емдеу алдын алу ұйымдарына (емханалар мен медициналық пункттер), яғни аудан аймағындағы Денсаулық сақтау мекемелеріне шұғыл және ұйымдасқан түрде әдістемелік жетекшілік ету.
Көкпекті ауданының денсаулық сақтау бөлімі-1936жылдарда ШҚО жұмысшы депутаттар Кеңесі орындаушы комитетінің денсаулық сақтау бөлімшесі қарымағында болуымен бастау алады.
Қаз ССР Министрлер кеңесінің 6 тамыз 1957жылғы №533 үкімін орындау барысында Көкпекті ауданының денсаулық сақтау жүйесінде реорганизация орын алып, аудандық денсаулық сақтау бөлімі Көкпектті ауданының емдеу бірлестігі болып өзгертілді.
1977жылдың қазан айында Көкпекті аудандық денсаулық сақтау бөлімі Көкпекті аудандық медициналық бірлестігі деп аталған.
Қазақстан Республикасының 1992ж. 13наурызында Көкпекті аудандық медицина бірлестігі-Семей облысы әкімшілігінің Денсаулық сақтау бөлімінің Көкпекті аудандық медицина бірлестігі деп қайта өзгертілді.
Сол кезде аудандық медицина бірлестігіне қарасты мекемелер:
-санитарлы-эпидемиологиялық станция
-орталықтандырылған бухгалтерия
-туберкулез диспансері
-тері-венерологиялық диспансер
-Көкпекті медициналық орталық емхана
-ауылдық емханалар: Үлгілі малшы, Большевик, Ивановка, Биғаш, Үлкен бөкен, және дәрігерлік амбулаториялар: Преображенка, Қарағндыкөл, Теректі, Ұзын бұлақ ауылдарында қызмет атқарды.
1997жылы екі облыстың біріктірілуіне байланысты (Семей және Шығыс Қазақстан облысы) орталық аудандық емхана мәртебесі өзгертіліп жаңа атауға ие болды- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын «Көкпекті ауданының №2 медициналық бірлестігі».
1987-2011жылдар аралығында емхана бастығы қызметін Толықбаев Құдайберген Толықбайұлы атқарды.
2010жылы ҚР Президентнің «100мектеп, 100аурухана» бағдарламасы аясында салынған 100 орындық аудандық аурухана және жаңа типті бір ауысымда 150 қабылдау жүргізетін, заманауи құралдармен жабдықталған орталық аудандық аурухана іске қосылды.                              

Ультрадыбыстық диагностика аппараты арқылы құрсақ қуысының органдары мен бүйректің ақаулары анықталады. Сонымен қатар балаларда осы патологияны зерттеу өте маңызды және мейлінше қауіпсіз. Ультрадыбыстық аппаратта ағымдағы жылдың бес айында 1350тксеру жасалған

Омырау безінің патологиясын алдын ала анықтау мақсатында скринингтік бағдарлама аясындағы маммография 2015 жылдан бастап өз ауданымызда жасалады. Ағымдағы жылдың
бес  айында 728 әйел адам маммографиялық тексеруден өтті.
Эндоскопия әдісі арқылы асқазан- ішек жолдар ауруларының диагностикасында аса кең колоноскопия қолданылады, бұл зерттеу түрі рентгенографиялық әдістерді недәуір ығыстырады. Зертханалық диагностикада альфа-холестеринге, ферменттерге және ПЦР диагностика әдісімен зерттеу, қан құрамындағы минералды элементтерге зерттеу жүргізіледі.

Ұжымда емдеу процессі және диагностиканың сапасын жоғарылату бойынша тұрақты жұмыс өткізіледі. Науқастарды емдеу және диагностикалау жұмысы бойынша Мерзімді медициналық хаттамалары белсенді енгізіледі. Қызметкерлеріміздің өзіндік дайындық жұмыстарына жіті көңіл бөлінеді, аудандық аурухана құрамындағы «отбасылық денсаулық орталығында» саламатты өмір салтын қолдау дәрігері қызмет атқарады, «9-денсаулық мектептері» жұмыс істейді, осы негізде аурудың алдын алу шаралары мен саламатты өмір салтының қағидалары туралы түсіндірме жұмысы ретінде семинар сабақтары мен тренингтер, оқу-жаттығу шаралары жүргізіледі.
Мейірбикелер күніне орай «Үздік мейірбике» және акушерлер күніне орай «үздік акушер» медицина қызметкерлері күніне орай «үздік дәрігерлк амбулатория» конкурстары өткізіліп, І және ІІ сонымен қатар ІІІ орын алған жеңімпаздар, және конкурсқа қатысушылар салтанатты түрде марапатталды, осы конкурстардың бір көрінісі:             

2013 жылдың тамыз айында аккредитация процедурасынан өтті. Бірлестікте тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде көрсетілетін мемлекеттік тапсырысын орындауынан басқа да ақылы диагностикалық, кеңес беру мен емдеу қызметтері көрсетіледі.

Аурухананың анықтамалық бюросының телефондары: 8(7234) 825-300-10,
Кеңес беру бөлімінің тіркеу орнының телефондары: 8(7234) 824, 259-941
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индекс, Көкпекті ауданы, Аухадиев көшесі, 46
Телефаксы: 8 (7234) 825-300-10
e-mail: kokpekty_mo2@mail.ru

КМҚК «Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасының» телефон нөмірлері

Абонент Телефон
1 Бас дәрігер 8(72348)79-016
2 Бас дәрігердің қабылдау бөлімі 30-010
3 Бухгалтерия 30-092
4 Стат.бөлімі 30-047
5 Тіркеу бөлімі 2-02-34
6 Сенім телефоны 2-05-14
7 Жедел жәрдем 103, 2-12-03
8 Перзентхана 2-19-23
9 Хирургиялық бөлім 2-22-38
10 Инфекциялық бөлім 2-23-79
11 Терапия бөлімі 2-07-19

 

Мұрағат

  Көкпекті орталық аудандық ауруханасы бойынша 2018 жылдың 9 айы ішінде жүргізілген жұмыстарының қортындысы *.doc 77 KB
  Көкпекті орталық аудандық ауруханасы бойынша 2018 жылдың 3 айы ішінде жүргізілген жұмыстарының қортындысы *.doc 100 KB
  КМҚК "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" Талдау жүргізілген жұмыстардың 9 ай 2016-2017 жж көрсеткіштері *.doc 38 KB
  "Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы" КМҚК. *.doc 64 KB
Парақтар өзгертілді: 21-02-2019