Аудан әкімі Әкім аппараты Мәслихат Аумақтық органдар Селолық округтер Виртуальды қабылдау бөлмесі Сілтемелер

Мәслихат аппараты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі «Нұр Отан» ХДП бағдарламасының атқарылуы туралы ақпарат
Мәслихат шешімдерi


Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

Аудандық мәслихат құрамында 13 депутат

Басшысы туралы мәліметтер – Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы – Бочкарева Людмила Петровна.



Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы, 1952 жылы 7 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданының Баты ауылында туған, 1969 жылы Өскемен педагогикалық институтын, орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ново-Тимофеевка мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі ретінде бастады.
1969-1978 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Новотимофеевка ауылы, Новотимофеевка мектебінің бастауыш сыныптарының  мұғалімі.
1978-1983 жж - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Новотимофеевка ауылы, Новотимофеевка мектебінің орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі.


1983-1984 жж - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Подгорное ауылы, Подгорное сегізжылдық мектебінің диеркторы.
1984-1985 жж.- Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылы, Қазақстан КП Самар аудандық партия комитетінің насихат және үгіттеу бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1985-1987 жж - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылы, Қазақстан КП Самар аудандық партия комитеті  бөлімінің меңгерушісі.
1987-1991 жж - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылы, Қазақстан КП Самар аудандық партия комитетінің хатшысы.
1991-1995 жж. - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылы, Самар аудандық халықтық білім беру бөлімінің балалар құқығын қорғау жөніндегі инспекторы.


1995-1997 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылы, Самар аудандық мәслихатының хатшысы.    
1997 ж. – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы, Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы.
Бочкарева Л.П.-ның барлық еңбек жолы, күш-қуаты мен білімі халыққа қызмет етуге арналған. Людмила Петровна өзіне жүктелген міндеттерін орындауда жігерлігімен, шығармашылық бастамасымен, еңбегімен үлгі көрсетеді.


Бочкарева Л.П.-ның басқаратын депутаттық корпус, жергілікті деңгейдегі өкілді және атқарушы органдардың арасындағы өзара іс-қимыл механизмін жетік меңгерген. Бұл депутаттарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды мәселелерін шешуде белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
2005 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдармен марапатталды.
Облыстың барлық басшыларын біледі. Әр уақытта халық арасында Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс және аудан әкімінің саясатын жүргізеді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Көкпекті ауданында «Нұр Отан» аудандық партия ұйымын басқарады.
Людмила Петровна аудан ішінде үлкен беделге ие.
Тұрмыста емес. Кітап оқу, спортпен шұғылданады.

Лауазымдық нұсқалары:

  • өкілдігі шегінде ұсынылған, аумақтың комплекстік әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуіне, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды қызығушылығын қанағаттандыруына жауап береді.
  • Аудан әкімдігімен және аудан әкімімен бірлісіп экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың аумақтық дамуының жобасын, санитарлық және жабдықтаушылық ережелерін, ауданды басқару және басқа мәселелер жөніндегі схемасын сессияда қарастыруға енгізеді және өңдейді.
  • Аудандық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларымен жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын қадағалайды.
  • Тұрақты, тексеру комиссияларымен бірлесіп өңдеп, сессияның қарауына енгізіп бекіткен соң, мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысына ұйымдастыру-техникалық жағдай жасайды.
  • Депутаттарға, аудан әкіміне және тұрғындарына мәслихат сессиясының болатын уақыты және орны, күн тәртібінің жобасын мәлімдейді.
  • Мәслихат сессиясының дайындығын және сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді қамтамасыз етеді, сессияның хаттамасын жасау, сессияның төрағасымен бірлесіп мәслихат шешімдеріне және сессияның хаттамасына қол қояды.
  • Депутаттарға өз өкілеттіктерін іске асыруда жәрдем жасайды, керекті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың органдарында, сайлау округтарында мәслихатта жұмыс істеу үшін қызмет борышынан босатылуына байланысты мәселелерді қарастырады.
  • Тұрақты, тексеру комиссияларының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді.
  • Аудандық мәслихат шешімдерін жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау шараларын анықтайды.
  • Мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысын басшылыққа алады, олардың қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады.
  • Мәслихаттың атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен, жеке меншік формасына байланысты емес ұйымдарымен байланыс жасайды.
  • Сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстарды, тілектерді, хаттарды мәслихатқа ұсынады.
  • Мәслихат шешімдеріне сәйкес мәслихат шешімдерінің маңызды жобаларын, жергілікті сипаттағы мәселелерді азаматтармен талқылауды қамтамасыз етеді.
  • Аппаратта азаматтарды қабылдау, арыз, өтініштерін, қарастыруды ұйымдастырады.
  • Өз құзыры шегінде өкім шығарады.
  • Мәслихат шешімімен басқа да қызметтерді атқарады.

Қабылдау уақыты:      сейсенбі – сағат 14.00-ден сағат 17.00-ге дейін, бейсенбі - сағат 9.00 ден сағат 11.00-ге дейін
Телефон:  8 (72348) 2-12-02
Мекеменің мінездемесі: Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Фахрутдинов көшесі, 44 «а» үй.

2007 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Аудандық мәслихат қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және аудандық мәслихаттың Регламенті негізінде жүзеге асырады.
2007 жылғы сайлау кезінде 13 депутат сайланды. Үшінші шақырылған депутаттық корпусының құрамынан төртінші шақырылған аудандық мәслихат құрамына 9 депутат сайланды, олар Л.П.Бочкарева, Н.Қ.Әубәкіров, А.Д.Ахатов, А.Қ.Бикатова, Қ.С.Жұмажанова, К.З.Қожаева, Ж.Қ.Күшікпаев, Л.Н.Митякина, А.Б.Тананов.
Жалпы депутаттар санынан өзін-өзі ұсыну арқылы 4 депутат сайланды. Сайланған депутаттар ішінде мемлекеттік және әртүрлі нысандағы меншік кәсіпорны басшылары - 5, білім беру мекеме басшылары  - 2, шаруа қожалығы басшылары – 2, дәрігерлер – 2,    басқа - 2.  
Аудандық мәслихаттың негізгі қызмет саласы - сессия. Сессияның күн тәртібі өткен сессияда анықталып, бекітіледі. Сессияға дайындық барысында сессияның шешім жобалары, сессия төрағаларының кандидатуралары жөнінде ұсыныстары және қосымша мәселелер енгізіліп, тұрақты комиссияларда талқыланады. Әр сессияларға дайындық және өткізуді ұйымдастыру шаралары аудандық мәслихаттың Регламенті негізінде, аудан әкімімен келісілген жоспар шараларымен жүзеге асырылады.
Осы жылы 7 сессия өткізілді, оның үшеуі кезектен тыс. Аудандық мәслихаты сессияларында төмендегідей мәселелер қарасытырылады: «Ауданда құқық бұзушылықты алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыс жағдайы туралы», «Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы аясында агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту бойынша облыс әкімінің тапсырмасын орындау барысы туралы», «Көкпекті ауданының 2007-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту туралы», «Көкпекті ауданының Тілдерді қолдану мен  дамытудың өңірлік бағдарламасын орындалу барысы туралы», «2006 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп», «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі» бекітілді, «Көкпекті ауданының 2006 – 2008 жылдарға арналған жолдарды жөндеу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы», «2008 – 2010 жылдарға арналған Көкпекті ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының Орта жедел жоспары туралы» және басқа мәселелер. Қабылданған барлық шешімдер бақылауға алынып, бақылау жүргізетін  маман мен тұрақты комиссияларға жүктеледі. Әр шешімге бақылау папкасы ашылып, оның құрамына: тұрақты комиссия жұмысын ұйымдастырып, көмектесетін аппараттың жауапты қызметкерінің бақылау жоспары, шешімнің орындалу барысы туралы лауазымды тұлғалардың ақпараттары, тұрақты комиссиялардың аралық тексеру жөніндегі анықтамалары енгізіледі. Осыдан кейін аталған шешім бақылаудан алынады.
2007 жылы аудандық мәслихатта 2 өңірлік бағдарламалар қарастырылып бекітілді, олар: «Көкпекті ауданының Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007 – 2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы», «2007-2010 жылдарға арналған Көкпекті ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту туралы».
Қазақстан Республикасының «Нормативтік - құқықтық актілері туралы» Заңына сәйкес сессияның шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нормативтік - құқықтық актілер реестріне мемлекеттік нөмірі беріліп енгізіледі. 2007 жылы 9 нормативтік құқықтық актілер тіркелді. Сессияның шешімдері аудан әкіміне, аумақтық бірліктер әкімдері аппаратына және орындаушыларға уақытында таратылады. Тиісті шешімдер бақылауға алынады. Бақылауда барлығы 18 сессия шешімдері.
Тұрақты және тексеру комиссияларының жұмысы барлық салалар бағытында жүргізіледі. 2007 жылы 12 отырыс өткізіліп, 58 мәселелер қарастырылды.
Аудандық мәслихатта  мәслихат хатшысымен қабылдау жұмысы жүзеге асырылады. Жеке қабылдауларда аудандық мәслихат хатшысымен 83 сайлаушылар қабылданды. Сайлаушылардың көпшілік жүгінулері әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу.
Аудандық мәслихат мекемелер мен бөлімдердің жетекшілеріне 27 хат дайындап жіберілді. 2007 жылы аудандық мәслихат атына аудан тұрғындарынан 114 ауызша және жазбаша жүгінулер келіп түсті. Негізінде олар уақытында қарастырылып шешілді. Өзінің күнделікті жұмысында аудандық мәслихат аппараты орындаушы органдарымен іскерлік қатынасын жалғастыруда.
Мәслихат аппараты мәслихаттың қызметін ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға  өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдем жасайды, оның қызметшілері тұрақты комиссияларға бекітілген. Тұрақты комиссиялардың отырыстарына мәселелерді дайындауға, сессияға және комиссиялардың отырыстарына шақырылғандардың қатысуын, оларға қажетті құжаттарды  әзірлеуді қамтамасыз етеді, депутаттардың сайлау округіндегі  жұмысына, аудандық мәслихатта азаматтарды қабылдауына көмек жасайды. Аппарат қызметкерлері қабылданған шешімдердің және қаулылардың, депутаттық сауалдардың және мемлекеттік органдардың жетекшілерінің атына жүгінулердің орындалуына бақылау жасайды.
Аудандық мәслихатта ай сайын бекітілген жоспарға сәйкес депутаттар мен мәслихат аппаратының қызметкерлеріне оқулар өткізіледі, оқу кезінде қабылданған заңдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, облыстық мәслихат пен  әкімият шешімдеріне және т.б. түсініктеме беріледі. Атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта тұрғындармен жұмыс істеуге оңды нәтиже беріп жатыр.
Кестеге сәйкес аудандық мәслихат аппаратының мамандары көрсетілген мерзімде Өскемен, Алматы қалаларына барып біліктіліктерін арттыру  курстарында білімдерін арттырады.
Аудандық мәслихатта депутаттар, «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе келе семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. «Қабылданған шешімдер бойынша бақылауды жүзеге асыру  жөніндегі тұрақты комиссияның ролі туралы», «Жергілікті сипаттағы мәселелерді шешу үрдісіне сайлаушыларды тарту мақсатында депутаттар мен тұрғындар арасында тікелей қарым-қатынасты қамтамасыз ету» және т.б. тақырыптарға семинарлар мен дөңгелек үстелдер жүргізіледі. Аудандық мәслихат аппараты қажетті компьютерлік техникасымен және тұрақты жаңартылып отыратын заңдардың базасымен, анықтамалар және методикалық материалдарымен депутаттарға көмек жасайды.

Көкпекті аудандық мәслихатының 2008 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Аудандық мәслихат қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және аудандық мәслихаттың Регламенті негізінде жүзеге асырады.
2007 жылғы сайлау кезінде 13 депутат сайланды.
Аудандық мәслихаттың негізгі қызмет саласы - сессия. Сессияның күн тәртібі өткен сессияда анықталып, бекітіледі. Сессияға дайындық барысында сессияның шешім жобалары, сессия төрағаларының кандидатуралары жөнінде ұсыныстары және қосымша мәселелер енгізіліп, тұрақты комиссияларда талқыланады. Әр сессияларға дайындық және өткізуді ұйымдастыру шаралары аудандық мәслихаттың Регламенті негізінде, аудан әкімімен келісілген жоспар шараларымен жүзеге асырылады.
2008 жылдың 1 жартыжылдығында 4 сессия өткізілді, оның біреуі кезектен тыс. Сессияларда 21 мәселе қарасытырылды, соның ішінде негізгі 17 мәселе. Бұл мәселелер: Ауданның салалы және аймақтық бағдарламасын бекіту туралы: «Көкпекті ауданының 2008-2010 жылдарға арналған құқық бұзушылықты алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасы», «2008-2009 жылдарға арналған «Көкпекті ауданының жастары» бағдарламасы туралы» және басқа мәселелер. Сонымен қатар сессияларда 2008 жылға арналған аудандық бюджет, біржолғы талондардың құнын және тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшері бекітілді, «Көкпекті ауданының әкімі Б.К.Қожамбетовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі туралы» аудан әкімінің есебі тыңдалады. Қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларына жүктелген.
Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілері туралы» Зыңына сәйкес сессияның шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нормативтік - құқықтық актілер реестріне мемлекеттік нөмірі беріліп енгізіледі. 2008  жылдың 1 жартыжылдығында аудандық мәслихаттың 4 нормативтік құқықтық актілері тіркелді. Сессияның шешімдері аудан әкіміне, аумақтық бірліктер әкімдеріне және орындаушыларға уақытында таратылады. Тиісті шешімдер бақылауға алынады. Бақылауда барлығы 5 сессия шешімдері.
Тұрақты және тексеру комиссияларының жұмысы барлық салалар бағытында жүргізіледі. 2008 жылдың 1 жартыжылдығында 11 отырыс өткізіліп, 25 мәселелер қарастырылды.
Аудандық мәслихатта  мәслихат хатшысымен қабылдау жұмысы жүзеге асырылады. Жеке қабылдауларда аудандық мәслихат хатшысымен 49 сайлаушылар қабылданды. Сайлаушылардың көпшілік жүгінулері әлеуметтік мәселелерді шешу.
Аудандық мәслихат депутаттары аудан мекемелері мен бөлімдердің жетекшілеріне 15 хаттар дайындалып жіберілді. 2008 жылдың 1 жартыжылдығында аудандық мәслихат атына аудан тұрғындарынан 9 жазбаша және 29 ауызша жүгінулер келіп түсті. Олар уақытында қарастырылып шешілді. Өзінің күнделікті жұмысында аудандық мәслихат аппараты өкілді органдарымен іскерлік қатынасын жалғастыруда.
Аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыруда аудандық мәслихат аппараты жәрдем жасайды. Өкілді органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар аппарат қызметкерлері тұрақты комиссияларға бекітілген. Аппараттың жұмыс қызметкерлерінің әрқайсысы жұмыс жоспараларын әзірлеуде практикалық және тұрақты комиссиялардың отырыстарында мәселелерді дайындауда, сессияға және комиссиялардың отырыстарына шақырылғандардың қатысуын, оларға қажетті құжаттарды ұсынуға, депутаттардың сайлау округтарындағы жұмысына, аудандық мәслихатта мәслихат хатшысымен және тұрақты комиссиялардың төрағаларымен азаматтарды қабылдауларда қатысып көмек жасайды. Аппарат қызметкерлері қабылданған шешімдердің және қаулылардың, депутаттық сауалдардың және мемлекеттік органдардың жетекшілерінің атына жүгінулердің орындалуына бақылау жасайды.

 

 
 
071000, Қазақстан, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Ш.Фахрутдинов көшесі, 44 «а»
Сайт әкімшісінің байланыс телефондары: 8 (72348) 2-13-80
8 (72348) 2-72-74