|
Егер Сіз жұмыссыз қалсаңыз
«Жол картасы» бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылға арналған «Жол картасы» іс-әрекет жоспарын жүзеге асыру салалы жоспары жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру бағытталуына арналған
«Жол картасы » бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға, жастар тәжірибесіне оқу орындарын бітіретіндердің, жұмыссыз азаматтардың және жұмысқа қабілетті оралмандардың арасынан мәліметтер базасы құрылды:
- Жұмыстан босатылғандар болған жоқ.
- Жоғары және орта оқу орындарын бітірушілер бойынша – 464 адам.
- еңбекке жарамды оралмандар бойынша – 80 адам.
- жұмыссыз санын есептеуге мекемелер және ұйымдар бойынша.
Осы айтылған жобаларын іске асыру үшін жоспарлардың жасалуы:
- Әлеуметтік жұмыс орындары 60 орынан кем емес. Қазіргі уақытта жұмыс істеуге ниеті бар азаматтардың саны 140. Жол картасының төлемақысы, орындау жұмысының көлеміне және ауырлығына қарай анықталады, бірақ орта айлық жалақысының көлемі 30000 теңгеден төмен емес. (бюджеттін есебінен-15000 теңге, жұмыс берушінің есебінен- 15000 теңге).
- Жоғары және орта оқу орнын бітірушілер арасынан «Жастар тәжірибесі» бойынша 20 жұмыс орындары ашылатын болады. Қазіргі уақытта жоғары және орта оқу орнын бітіретіндер саны 464 адам. Жастар тәжірибесінің уақыты 6 айдан аспау керек, осы бағдарлама бойынша бір жұмысшыға орта айлық аударымы 15000 теңге.
- Кадрларды даярлау және қайта даярлауға 130 адам жіберілетін болады. Оқу Үлкенбөкен ауылындағы МЛ№12, Самар ауылындағы МЛ№14 өтеді. кадрларды даярлау және қайта даярлауға ниеті бар азаматтардың саны- 72. Кәсіби оқу келесі мамандық бойынша өткізіледі: электрикшы, тракторист- машинист, жөндеуші, жүргізуші, пысырушы, шаштаразшы, референт -хатшы, аспазшы және т.б. Жұмыстан босатылған жұмыссыздар құқылы, бюджет есебінен қайта дайындықтардан өтуіне, сонымен қатар тамақтануларына, жастар орынына жартылай төленуі жартылай қарастырылған.
«Жол картасы» бойынша жергілікті «Жұлдыз» газетіне, облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» баспаханасына хабарламалар берілді, сондай-ақ Көкпекті, Қарағандыкөл, Үлкенбөкен, Казнаковка және Самар ауылдарында баннерлер орнатылды. Басқа селолық округтер бойынша баннерлер тапсырдық. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде және селолық округтерде стендттер қойылған.
|