Мемлекеттік мекемелер

"Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" ММ

Басшы- Укешова Нина Нурмухамедовна
Функционалдық  міндеттер:Бөлім іс-әрекетіне жалпы басшылық етеді, ұйымдастырады және бақылайды. Бөлімнің жұмысын жоспарлау. Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Жарлықтары мен Қаулылары, басқа да  заңнама кесімдері, облыс әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Аудандағы шағын кәсіпкерліктің және туризмнің дамуы мен қолдауына қатысады. Ауданда кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, инвестиция салуды, сауда, нарық конъюнктурасын және туризмды  дамытудың серпініне мониторинг жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдау. Өз құзыреті аясында бұйрықтар шығарады, белгіленген заңнамалық тәртіпте бөлім мамандарын жұмысқа қабылдауға және жұмыстан шығаруға құқылы. Аудан әкімінің аудан кәсіпкерлерімен, кәсіпорын басшыларымен кездесуін, ауданның кәсіпорындарының облыстық «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысуын қамтамасыз етеді. Ауданның индустриалдық-инновациялық жобаларының іске асырылуын талдауды жүзеге асырады.Ауданның кәсіпкерлік субъектілеріне бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын (құралдарын) алуда көмек көрсету (субсидиялаумен кредит беру, гранттар, құрылымдарды жүргізу, сервистік қолдау).
Азаматтарды қабылдайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, жүгінімдерін, шағымдарын қарайды.Аудан әкімінің өзге де тапсырмаларын орындайды.Ішкі нормативтік құжаттар жобасын жасауға және оны жетілдіруге қатысады.

Бас маман-Ушакова Наталья Петровна

Функционалдық міндеттер: Шағын бизнестің жұмысын үйлестіру, талдау және болжау. Шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру. Өндірістік кәсіпорындар жұмысын үйлестіру, болжау және талдау. Аймақтың индустриалды-инновациялық даму жобаларын жасауға қатысу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық паспортын жасауға қатысу. Ауданның жұмыс істемейтін  және тоқтатылған шағын және орта бизнесін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізу. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық құрамы туралы ақпарат әзірлеу. Бөлім басшысының басқа да тапсырмалары.

Парақтар өзгертілді: 25-12-2019