Мемлекеттік мекемелер

«Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі» ММ

  «Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже *.doc 58 kB

 

Толешов Ербол Турлыбаевич Бөлім басшысы - Толешов Ербол Турлыбаевич

Қызметтік тізімі:

01.09.1999-31.05.2002 Көкпекті ауданы, Биғаш ауылы «Байназар» ШҚ мал дәрігері;
01.06.2002-16.04.2005 Көкпекті ауданы, Тассай ауылы «Табыс» ШҚ мал дәрігері;
18.04.2005-19.04.2010 Көкпекті ауданы, Тассай ауылы «Тассай селолық округі әкімінің аппараты» ММ есепшісі;
20.05.2010-10.08.2010 Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
«Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маман-мал дәрігері міндетін атқарушы;
10.08.2010-12.06.2015 Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маман-мал дәрігері;
09.06.2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі» ММ басшысы.

Лауазымдық міндеттері:

Бөлім мамандарына жалпы басшылық жүргізіп, бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуы үшін дербес жауапты болады, лауазымдық міндеттерді қызметкерлер арасында және олардың жауапкершілік деңгейлерін үлестіреді. Мал дәрігерлігінің негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, даму тенденциялары мен көріністерін белгілейді, ауылшаруашылық жануарлардың ауруларымен күресу бойынша жоспарларды жасап шығару жұмысын ұйымдастырады, ауылшаруашылық жануарлардың ауруларының мал дәрігерлік мониторингін жүргізіп, бұл аурулардың пайда болуына жол бермеу шараларын қабылдайды. Аудан мен ауылдық округтері бойынша эпизоотияға қарсы барлық аурулардың жүргізілуін ұйымдастырады. Ағымдағы және бақылау хаттарына жауаптарды дайындайды. Мал дәрігерлігі мәселелері жөнінде аудан әкімінің шешімдерін, аудандық әкімдіктің қаулыларын даярлайды. Мал дәрігерлігі мәселелері жөнінде аудандық шараларды жүргізуді ұйымдастырған кезде, материалдарды, ақпараттарды дайындайды. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға арналған мал дәрігерлік дәрілердің сақталуын, тасымалдануын (жеткізіліп берілуін) ұйымдастырады. Мал дәрігерлік қызметтің озық жұмыс тәжірибесін зерттеп, оны таратуға қатысады. Белгіленген үлгідегі есептік мәліметтерді ұсынады. Бөлімге қарасты мемлекеттік кәсіпорын мен ветеринарлық пунктерінің жылдық жоспар бойынша ветеринарлық алдын-алу, зерттеу жұмыстарын қадағалайды.

Қабылдау уақыты: сәрсенбі, жұма сағат 15-00 ден 17-00-ге дейін.
Телефон: 8 (872348) 2-19-01
Электрондық пошта адресі: veterinarya@kokpekti.vko.gov.kz

Амренова Алия Мусыровна

Ветеринария бөлімінің бас маманы - Амренова Алия Мусыровна

Функционалдық міндеттері: Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (АШЖБ) мәліметтерінің Веб-порталдық жүйеге дұрыс енгізілуіне бақылау жүргізу. Ветеринария саласы бойынша «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ситуациялық орталығы» ақпараттық жүйесінде «Интерактивті студия» модулінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары аясында ақпараттық жүйеге деректерді енгізу. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау

Телефон: 8(72348)2-19-55

   

 

Парақтар өзгертілді: 08-02-2019