Мемлекеттік мекемелер

КМҚК «Балалар өнер мектебі»

Сулейменов Аскар Дюсенбекович КМҚК «Балалар өнер мектебінің»  директоры Сулейменов Аскар Дюсенбекович

Туған жері : Семей облысы, Көкпекті ауданы, Большевик совхозы  14 қаңтар,  1970 жылы туған.
Ұлты: қазақ
Отбасылық жағдайы: үйленген,  ұлды тәрбиелеуде
Білімі: жоғары
2004 жылы Семей қаласындағы  М.О. Әуезов атындағы Семей мемлекеттік университетінің   тарих пәнінің  мұғалімін тәмамдады.
Санаты: I (бірінші)

Еңбек өтілі:
- 1991 –  2010 жж. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп ,  тарих пәнінің мұғалімі
- 2009  -  2010 жж. Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі
- 2010  – 2013 жж.  Көкпекті білім беру бөлімінің әдіскері
- 2013 – 2015 жж. КМҚК «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетү орталығы» директордың әлеуметтік жөндеу орынбасары
- 2015 ж. 19 қараша   КМҚК  «Балалар өнер мектебінің» директоры.

Қызметтік міндеттері:
Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, ұйым жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қосымша білім беру ұйымына басшылық етеді. Мәдени-демалыс қызметі, дене тәрбиесі мен спортты дамыту саласындағы әлеуметтік,қосымша білім беру, коммуникативтік қызметтерді көрсету жұмыстары мен құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігін ұйымдастырады. Қазіргі заманғы басқару әдістері негізінде жұмысты болжамдайды және жоспарлайды. Шағын ауданды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасына бақылауды жүзеге асырады, білім беру үрдісі кезінде ұйымдағы білім алушылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық етеді. Білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі жақын және алыс шетелдердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын айқындайды, қосымша білім беру ұйымдарының қаржылық- шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады. Педагог қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу материалдық базаның сақталуы мен толықтырылуына есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосымша қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата- аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі 44, тел.: 8 723 48 2 23 96
факс: 8 723 48 2 12 29
электрондық поштасы: dshkola_2014@inbox.ru

КМҚК«Балалар өнер мектебі» оқу ісі жөніндегі орынбасары – Байгалиева Айнур Азанбаевна
Жұмыс телефоны:  8 72 348 2 -12-29
Қызметтік міндеттері:
Педагогикалық ұжым қызметін ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы жөніндегі педагогикалық қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді. Ұйымдағы білім беру және тәрбие үрдістерінің сапасына білім алушылардың оқу дайындығы нәтижелерін, үйірмелер, секциялар, клубтар мен факультативтер жұмыстарын бағалау объективтілігіне бақылауды жүзеге асырады. Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді. Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу сабақтарының кестесін жасайды. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Оқу кабинеттерін, бөлмелерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуіне басшылық жасайды. Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
   
КМҚК «Балалар өнер мектебі» тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Таныбаева Шарипа Саруаровна
Жұмыс телефоны: 8 72 348  2 -12-29
Педагогикалық ұжым қызметін тәрбие ісі бойынша ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы жөніндегі педагогикалық қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді. Ұйымдағы тәрбие үрдістерінің сапасына жауап береді. Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді. Конкурстарды, көрмелер мен байқауларды, жарыстарды дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Оқу кабинеттерін, бөлмелерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды. Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
   
Самар ауылы КМҚК «Балалар өнер мектебі» тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Штукерт Галина Аркадьевна
Жұмыс телефоны: 8 72 333 21-532
Жұмыс режимі:  9сағ.00мин.-13сағ.00мин. 
14сағ.30мин.- 18сағ.30мин.
Қызметтік міндеттері:
Педагогикалық ұжым қызметін тәрбие ісі бойынша ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы жөніндегі педагогикалық қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді. Ұйымдағы тәрбие үрдістерінің сапасына жауап береді. Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді. Конкурстарды, көрмелер мен байқауларды, жарыстарды дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Оқу кабинеттерін, бөлмелерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды. Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді

Парақтар өзгертілді: 27-06-2016