Мемлекеттік мекемелер

«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Саржанов Алибек Тусуппекович Бөлім басшысы – Саржанов Алибек Тусуппекович

1973 жылы 7 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылында дүниеге келген. Отбасын құрған, екі баласы бар. Білімі жоғары, 1996 жылы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын және 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің құқықтану мамандығын тәмәмдады.
16.08.1996-01.12.1997 ж.ж. Абралы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.
01.09.1998-01.09.2006 ж.ж. Көкпекті орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.
04.04.2007-30.07.2008 ж.ж. «Нургалиев-Б» ЖК (жеке кәсіпкерлік) директоры.
01.10.2008-02.12.2009 ж.ж. «Саржанов Алибек Тусуппекович» ЖК (жеке кәсіпкерлік) директоры.
02.12.2009-04.02.2011 ж.ж. Көкпекті ауданының көпсалалы мемлекеттік коммуналды кәсіпорны бастығының орынбасары.
14.03.2011-13.03.2012 ж.ж. Көкпекті ауданының білім жүйесіндегі ақпараттық-инновациялық технология орталығының бастығы.
08.09.2012 - 06.03.2014 ж.ж.- Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының міндетін атқарушы.
06.03.2014ж- қазіргі уақытқа дейін Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Функционалдық міндеттері:
Мәдениет мекемелеріне басшылық ету, олардың материалдық базасын нығайту. Мәдениет және тілдерді дамыту жұмысын іске асыру. қаржы және шаруашылық қызметін жүзеге асыру. Еңбек тәртібі, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша ережесін сақтауға бақылау. Кадрларды іріктеу және орналастыру, жұмыс жоспарларын бекіту және олардың орындалуын қамтамасыз ету.

Қабылдау уақыты: 14.30- 18.30 дейін, сейсенбі
Телефон: 8 (723-48)2-25-80
Элетрондық адресі: а.sarzhanov@akimvko.gov.kz

Испаева Гульнур ТоктагановнаБас маман – Испаева Гульнур Токтагановна

Функционалдық міндеттері: 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын және «2001-2010 жылдарға арналған тілдердің жұмыс істеуі мен дамуы Мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыру; аудан аумақтарында тілдерді дамыту мен жұмыс істеу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудан деңгейінде іс-шараларды өткізу. Округтардың атауларының өзгеруі, сондай-ақ, олардың транскрипцияларының өзгеруі туралы ауданның атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу. Тілдерді дамыту саласындағы шараларды атқару. 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 78 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығы, «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын, «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» Елбасы Жолдауын жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Телефон: 8 (723-48)2-12-35
Элетрондық адресі: g.ispaeva@akimvko.gov.kz

 

Курмангалиева Жанар Сакеновна Жетекші маман – Курмангалиева Жанар Сакеновна

Функционалдық міндеттері: Халықтық- мәдени орталықтарды тартумен мәдени, жалпы халықтық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу. Мәдени-ағарту мекемелерінің есебін беру, тіркеуге алу. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының ауданда орындалуын қадағалау, клуб үйлері және кітапханалардың жұмысын үйлестіру, «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасы жолдауын, «Мәдени мұра» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. ШҚО әкімінің ситуациялық орталығының қызметін қадағалау, ЕҚАЖ жұмыс жүргізеді, облыстық, аудандық қаулылар, хаттамалық тапсырмалар, шешімдер мен өкімдерді есепке алып, орындалуын қамтамасыз етеді. 

Телефон: 8 (723-48) 2-12-35

Парақтар өзгертілді: 20-06-2017