Мемлекеттік мекемелер

"Көкпекті ауданының тұрғын ұй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар автомобиль жолдары бөлімі" ММ

  «Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже *.doc 68 KB
  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің біліктілік талаптары *.doc 58 KB

Джилкишев Кайрат Джумагалиевич Бөлім басшысы - Бөлім басшысы - Джилкишев Кайрат Джумагалиевич
1988 жылы 16 маусымда Семей облысы Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университетінің өмір тіршілігін қамтамассыз ету жіне қоршаған ортаны қорғау мамандығын оқып тамамдаған. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Еңбек қызметі:
2012 жыл қантар - 2012 жыл тамыз- азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы басқармасының маманы.
2012 жыл тамыз - 2012 жыл желтоқсан – Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жіне автомобиль жолдары бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.
2012 жыл желтоқсан - 2016 жыл желтоқсан- Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жіне автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
2016 жыл желтоқсан – 2017 жыл қараша- Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жіне автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары. 
2017 жыл қараша – 2018 жыл шілде - Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жіне автомобиль жолдары бөлімі басшысы.
2018 жыл шілде – қазіргі уақытқа дейін - Көкпекті ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жіне автомобиль жолдары бөлімі басшысы.

Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады, ұйымдастыру, ақпараттық, құқықтық және техникалық қамтамасыз ету, жоғары тұрған органдарға материалдар және құжат дайындауды жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттерді орындай отыра бөлімнің жұмысын жоспарлайды және қалыптастырады.
Тұрғын үй коммуналды кешенінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының жұмысын үйлестіру; ауданның елді мекендерінде су құбырлары мен кәріз тораптарының қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру; Мемлекеттік, өңірлік, салалық және мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру және үйлестіруді қамтамасыз ету, дайындауға қатысу. Бөлімнің мүддесін барлық кәсіпорындар және ұйымдарда сенім хатсыз ұсына алады. Бөлімге қатысты қаржы қаражаттарына, мүлікті басқаруға және пайдалануға иелік ету құқы бар, сенім хат береді, банктерде есепшот ашады, қаржы тәртібін сақтауға жауапкершілік танытады.
Мемлекетік нормативтерге және заңнамаға сәйкес сәулет – құрылысына және қала құрылысына, сонымен қатар құрылыстың техникалық процесіне бақылауды жүзеге асырады. Жаңа құрылыстарды салуға сонымен қатар инженерлі және көлікті коммуникацияларға, құрылғыларға, бар құрылыстардың күрделі жөндеулеріне және оларды жаңғыртуға, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жабдықтауды және ұлғайтуды жүзеге асырады. Ауданның ауылдарындағы құрылыстардың схемаларының және бас жоспарларының дайындығына қатысады және бақылауды жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және жұмыстан босатады, олардың міндеттерін анықтайды. Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың орындалуын бақылайды.

Адресі: Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы,Қабанбай батыр көшесі 69
Электрондық адресі:  k.dzhilkishev@akimvko.gov.kz
Телефон: 8 /72-348/ 2-16-06
Қабылдау кестесі: сейсенбі: 14.00 ден 17.00 сағатқа дейін, жұма: 14.00 ден 17.00 сағатқа дейін.

Базарбаев Сержан КунашевичБас маман – Базарбаев Сержан Кунашевич

Функционалдық міндеттері - Ауданның елді мекендеріндегі су құбыры-канализация тораптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұймдастыру. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу және облыстық бағдарламаларды іске асыру: су құбыры-кәріз жүйелерін қайта құру және қалпына келтіру, жылумен жабдықтау, электр-газбен жабдықтау көздерін қайта құру және пайдалану.  Сумен қамтамасыз ету бойынша Самар және Көкпекті көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын бақылау. Ауданның елді-мекендерін санитарлық тазарту және көгалдандыруы қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қысқы кезеңде нысандардың жұмысын бақылау, отын даярлауға бақылау жасау. ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) басқару саласын ұйымдастыру және бақылау жасау.
Бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді стандарттармен регламенттарға сәйкес сапалы және уақытылы көрсету. Сәйкес мәселелер бойынша аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі өкімдерінің жобаларын дайындау. Құзіретіне кіретін анықтамалар, ақпараттар дайындау.

 

Серікова Мөлдір БауыржанқызыБас маман – Серікова Мөлдір Бауыржанқызы

Функционалдық міндеттері - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстарын үйлестіру. ТҮКШ саласындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыстарын үйлестіру және бақылау. Ауданның көп пәтерлі тұрғын үйлер қоры жағдайына мониторинг жүргізу.  Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізудің кезектілігі мен тізімін анықтау бойынша жұмыстарды орындайды. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне жүргізілген күрделі жөндеудің жекеше түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне техникалық тексеруді ұйымдастыру.
Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорының есебі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Азаматтардың кезектік тізімін, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждарды есепке алу және қайта тіркеуді жүргізу, тұрғын үй комиссиясы отырысына сұрақтар дайындау, іс-қағаздарын жұргізу, үй құжаттарын есепке алу және рәсімдеу. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын дамыту, мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару және «Тұрғын үй қатынастары» туралы  заңына сәйкес өз міндеттірін атқару.
«Е-қызмет» персоналды басқару біріктірілген ақпараттық жүесінде жұмыс істеу. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу. Бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді стандарттармен регламенттарға сәйкес сапалы және уақытылы көрсету. Сәйкес мәселелер бойынша аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі өкімдерінің жобаларын дайындау. Құзіретіне кіретін анықтамалар, ақпараттар дайындау.

 

 

Парақтар өзгертілді: 12-12-2018