Мемлекеттік мекемелер

«Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ

  «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Тургамбаев Бейсенгазы ЗьядановичБастығы - Тургамбаев Бейсенгазы Зьяданович 1962 жылы 8 ақпанда, Чугучак ХҚРдүниеге келген,Ұлты қазақ, Білімі жоғары. 1984г., Семей зоотехникалық-ветеринарлық институттін «Мал дәрігері»  мамандықа оқып, тәмамдаған. Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.

Еңбек жолы-1984 жыл12 шілде-1986 жыл 26 тамыз-"Айсары" совхозының ветеринариялық дәрігері, ШҚО,  Ленинград ауданы.
1986 жыл 29 тамыз -1990 жыл 18 маусым-Амангелді атындағы совхоздың комсомол комитетінің хатшысы, ШҚО Ақсуат ауданы.
1990 жыл 25 маусым -1994 жыл 7 желтоқсан- Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының ветеринариялық дәрігері,  Алматы облысы.
1994 жыл 12 желтоқсан-1995 жыл 29 тамыз- Алматы облкооппромының наубайханасының сауда жөніндегі тауартанушы , Жамбыл ауданы Алматы облысы.
1995 жыл 01 қыркйек -1995 жыл 26 қазан- Қаскелең тәжірибелі шаруа қожалығының зоотехнигі, Алматы облысы.
1996 жыл 24 маусым -1996 жыл 15 қараша-  Тәжірибелі шаруа қожалығының басшысы (зоотехник), Алматы облысы.
1996 жыо 15 қараша -2000 жыл 10 ақпан - Тәжірибелі шаруа қожалығының бригадирі, Алматы облысы.
2000 жыл 3 шілде-2001 жыл 3 ақпан- "Таусамалы" базарының ветеринариялық дәрігері , Қарасай ауданы Алматы облысы.
2001 жыл 23 ақпан -2003 жыл 5 ақпан- "Таусамалы" базарының меңгерушісі, Қарасай ауданы Алматы облысы.
2003жыл 6.02. -2004 жыл 01 маусым- Қарасай ауданы "Алтын сақа 2003" ЖШС ветеринариялық дәрігері,  Алматы облысы.
2004 жыл 4 маусым -2007жыл 20 шілде - Қарасай аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы, "Алтын сақа 2003"ЖШС базарының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Алматы облысы Қарасай ауданы. 2007 жыл – 20 шілде -2009 жыл 3 тамыз- Қарасай ауданы ҚР АШМ агрокешенінің жетекші маманы,  Алматы облысы. 2009 жыл 3 тамыз -2011 жыл 07 желтоқсан-Қаскелең қалалық округі әкімінің орынбасары Қарасай ауданы,  Алматы облысы.
2011жыл 07 желтоқсан -2012 жыл 23 шілде- Ақсай ауылдық округінің әкімі Алматы облысы Қарасай ауданы.
2014 жыл 24 сәуір -2017 жыл -10 қараша- КМК директоры ауданының ветеринарлық қызметі" ШҚО "Глубокое  ауданы.
2017 жыл 10 қараша -2018 жыл 25 қаңтар- Глубокое кенті әкімінің міндетін атқарушы, ШҚО, Глубокое ауданы.
 2018 жыл 25 қаңтар-2018 жыл 18 маусым-Глубокое кентінің әкімі, ШҚО, Глубокое ауданы. 2018 жыл 26 қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-і басшының міндетін атқарушы.

Лауазымдық міндеттері:
Әлеуметтік-экономикалық реформаларды  жүзеге асыру бойынша  селолық округ әкімдерінің  қызметін үйлестіру. Барлық меншік  түрлерін  дамытуға және аграрлық секторда шаруашылық жүргізуге  жәрдемдесу, агросервисті енгізу. Өнеркәсіпті  және ауылшаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеуді жобалау, ауданның аграрлық секторындағы әлеуметтік – экономикалық дамудың  индикативтік  жоспарын дайындау. Экономикалық және жер реформалары бойынша  мемлекеттік  бағдарламалардың  орындалуын  қамтамасыз ету. Мемлекеттік  бақылауды  жүзеге асыру; -еңбекті  қорғауға, транспорт құралдарын пайдалануға енгізу қауіпсіздігі, барлық меншік  түрлері  шаруашылықтарында өрттен  сақтану және машина-тракторлы парктің жағдайына техникалық  бақылауды жүзеге асыру.Ауылдағы тауар өндірушілерге  бизнес – жоспар  дайындауда және келісім шарт жасауда көмек көрсету.Аудан кәсіпкерлеріне  қолдау көрсету бағдарламасын дайындау және орындау. Ауданның  индустриалды-инновациялық даму  бағдарламасын орындау. Экономика  секторында шағын кәсіпкерлікті дамыту, шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін қазіргі заманғы  ғылыми технологиялар, прогрессивті басқару әдістері, қаржы-несиелік және шағын кәсіпкерлікке  инвестициялық қолдау көрсету негізінде  ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін  «Шағын кәсіпкерлікке қаржылай  қолдау көрсету» АҚ өңірлік  филиалы  қаражатынан қажетті көмек көрсету, шағын кәсіпкерлік  субъектілерін екінші деңгейдегі  банктерден қаржыландыру  жағдайына және  көлеміне мониторинг жүргізу, өнеркәсіп  мәселелерін шешу, аудан кәсіпкерлерінің  жыл сайынғы форумын өткізу, шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметіне  талдау, шағын кәсіпкерлікті насихаттау  және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша  жұмыстар жүргізу, нарық қызметіне талдау. Нарықты жаңғырту  бағдарламаларын орындау, «Ауданның үздік кәсіпкері» конкурсын өткізу, шағын бизнес  субъектілерін түрлі қорлардан несиелеу, жоғары  органдардан түскен құжаттардың орындалуына  бақылау, облыс,  аудан  әкімінің  қаулыларын, шешімдерін және  өкімдерін орындау. Хаттар, өтініштер, арыз- жүгінімдерді қарау. Барлық меншік  түрлеріне  қарамастан олармен  есеп-қаржы заңнамасын сақтауда  аграрлық сектор  кәсіпорындары қызметіне  жүйелі  түрде талдау жасауды жүргізеді. Ауданға инвестицияны тарту. Мемлекеттік   және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру.

Қабылдау уақыты: сәрсенбі, жұма сағат 14-00 ден 17-00-ге дейін.
Телефон: 8 (872348) 2-14-79
Электрондық пошта адресі: Selxosotdel@kokpekti.vko.gov.kz

Абылғазыұлы Бауыржан Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары - Абылғазыұлы Бауыржан
1991 жылы 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2012 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмәмдаған. 03.08.2012 -01.09.2012 жж. Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің аудармашысы Көкпекті ауылы, Көкпекті ауданы, ШҚО; 01.09.2012 – 03.01.2013 жж. Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің инспекторы Көкпекті ауылы, Көкпекті ауданы, ШҚО; 03.01.2013. - 02.04.2013 жж дейін Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің бас маманының м.а.; 02.04.2013 – 22.11.2013 жж Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің бас маманы; 22.11.2013 - 27.07.2015 жж. Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы; 28.07.2015 – 03.08.2016 жж. Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы. 2016 жылдың 4 тамызынан қазіргі уақытқа дейін Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары.
   
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мал шаруашылығының бас маманы - Аңкебаев Маркален
Функционалдық міндеттері:
Барлық шаруашылық санатындағы мал басы және құстар, мал шаруашылығы өнімдері және қайта өндеу қозғалысын статистикалық есепке алуды жүзеге асыру.Мал шаруашылығы және қайта өндіру өнеркәсібінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Телефон: 8 (72348) 2-13-66
   
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маман-мемлекеттік инжинер-инспекторы - Кисин Талғат Камалбекұлы
Функционалдық міндеттері:
Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Заңнамалық актілерде белгіленген арнайы өнімдердің есебін жүргізу және сақтауды ұйымдастыру; Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу, кепілдігін тіркеу және байқау жүргізу, тиісті құжаттар беру, тракторист-машинист куәліктерін беру, оған үміткерлерден емтихан алу; Техникалық инспекция бойынша есептерді дайындау және тапсыру, заңға сәйкес өзге де міндеттерді атқару.Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Телефон: 8 (72348) 2-13-66
   
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің инспекторы - Жанбаева Айсулу Турганбаевна.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімдегі барлық құжаттардың (шығыс құжатар, азаматтардан түскен өтініштер, облыстық және аудандық қаулылар мен шешімдердін) сапалы және толық орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде бөлім мамандарымен орындалатын қажетті құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу, азаматтардан түскен өтініштерге, кадрлік жұмыстарға жауап беру. Өз құзыреті шегінде басқа да тапсырмаларды орындау.
Телефон: 8 (72348) 2-13-66
   

 

Парақтар өзгертілді: 13-02-2019