Мемлекеттік мекемелер

«Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Сенім телефоны «Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 30-143

«Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары үшін «сенім телефоны» жұмыс істейді.

Сенім телефоны»  қызметінің мақсаты:
-  балалар мен ата-аналарға құқықтық және психологиялық, консультациялық  көмек көрсету; 
-  балалардың құқықтары мен заңды мүдделері саласындағы туындайтын мәселелерін шешу үшін, қажет болған жағдайда қоғамдық және мамандарды дер кезінде тарту;

«Сенім телефоның» негізгі функциялары :
-  кәмелетке толмаған балалар мен олардың ата-аналарына, қамқоршыларға және қорғаншыларға қиын өмірлік жағдайларда олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша көмек көрсету;
«Сенім телефоны» қызметі әділдік, құрмет, құпиялылық сақтау, балалардың олардың ата-аналарының және қамқоршыларының, қорғаншыларының құқықтары мен заңды мүдделерінің сақтауына негізделеді.

Мекен-жайы: Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі 44 үй
Телефон: 8-72-348-21-084

  Көкпекті ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт Мемлекеттік мекемесінің ережесi

Мустафинова Шолпан Нургазиновна Бөлім басшысы – Мустафинова Шолпан Нургазиновна

1967 туған. 1990 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын биология және химия пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңббек қызметі:

28.08.1990 - 01.09.1997 жылдары Абай атындағы орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі.
01.09.1999 - 07.04.2000 жылдары Абай атындағы орта мектебінің  оқу ісі жөніндегі директор орынбасары
07.04.2000-04.05.2004 жылдары  Абай атындағы орта мектебінің  интернат меңгерушісі.
04.05.2004-01.09.2012 жылдары  Абай атындағы орта мектебінің  оқу ісі жөніндегі директор орынбасары және химия, биология пәндерінің мұғалімі.
07.10.2012 – 22.08.2013 жылдары Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің директоры
22.08.2013 г.г.- Көкпекті ауданы білім беру бөлімінің басшысы

Қызметтік міндеттері:

Көкпекті ауданының аумағында мемелекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырады,  басшылық етеді және мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді  жүзеге асыруда өз қызметі арқылы   жауапкершілікті мойнына алады.
Өз орынбасарларының, бөлім қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімдері қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды.
Заңнамаларға сәйкес мелекеттік орган қызметкерлерін, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу және қосымша білім беру ведомствалық мекемелер басшыларын, мектептен тыс мекемелер, орта білім беру мекемелері басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қойылған заңнамалар ережесіне сай  бөлім қызметкерлеріне, ведомсттвалық мекемелер басшыларына қатысты  мадақтау, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді.
Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің, сонымен қатар мектепке дейінгі  және мектептен тыс мекемелердің жарғысын бекітеді. Білім беру мекемелерінің және білім беру мәселелеріне байланысты азаматтардың өтініштерін, хаттарын қарайды.
Жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Бөлімнің  мемлекеттік мекемелермен  және басқа да мекемелермен қарым-қатынасы өкілеттілігін жүзеге асырады.  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Нормативтік құжаттарға сәйкес ауданның білім беру мекемелерінің қызметтерін бақылауды жүзеге асырады. Өз біліктілігі шегінде білім беру саласында және мемлекеттік жалпы білім беру стандартын орындауда заңнамалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Ауданның білім беру мекемелерінің болашақта дамуын зерттейді және қорытындылайды. Білім беру бойынша бағдарламаларға бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты қолданылуын, үнемделуін және бюджеттік жоспарлауды үйлестіреді және ұйымдастырады.

Лауазымды міндеттер:

Бөлімінің жұмысна жалпы басшылық жүргізу. Бөлім қызметінің саласына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Білім беру бөлімінің кеңестерін басқару, кадрлық саясатты жүзеге асыру. Жоғары тұрған және жергілікті билік органдарында білім беру бөлімін таныстыру. Аудан әкімиятының аппаратымен және бөлімдерімен, селолық округтарының әкімдерімен өзара іс – қимыл жасау. Кадрлардың біліктілігін көтеру және аттестаттау, материалдық – техникалық нығайту, қарғаншы және қамқоршы мәселелері. Қатаң есептегі бланкілерді беру және есептеу. Бөлімнің негізгі қызметтері:Барлық оқушыларымен міндетті жалпы білім алу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді ұйымдастыру; балалардың орташа білім алғанға дейін оларды есепке алу бойынша білім беру мекемелерінің қызметін басқару; жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп оқушыларды тегін мектепке жеткізуді ұйымдастыру, оларды тамақтандыруды қамтамасыз ету, оқушыларды және білім беру қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, ата-ананың қамқорынсыз қалған кәмілетке жастары толмағандарды қорғау және қамқор тағайындауды ұйымдастыру, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастыру, бітірушілерді жұмысқа орналастыру және олардың кәсіби бағдарлауы бойынша білім беру мекемелерінің қызметін жетілдіру, білім саласында кадрлық саясатты өткізу; педагогикалық және басқарма кадрларының біліктіліктерін арттыру, кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру.

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 9.00 –дан 13.00 –ке дейін.
Телефон: 8(72348) 30-143
Электрондық пошта адресі: roo@kokpekti.vko.gov.kz

Сарманова Нургуль Муратовна

Сарманова Нургуль Муратовна – білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары.
1964 жылы туған. Білімі – жоғары.
1983 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша Семей педагогикалық училищесін бітірген, 1989 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша Семей педагогикалық институтын бітірді.
1983-2001 жылдар аралығында Көкпекті ауданының Киров атындағы орта мектебі мен Куйбышев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.
2001-2011 жылдар аралығында Көкпекті ауданының білім беру бөлімінде әдіскер болып қызмет етті.
2011-2013 жылдар аралығында Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2013-2016 жылдар аралығында Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.
2016 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Көкпекті аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет етеді.

Лауазымдық міндеттері: бөлім қызметіне жалпы басқару жүргізеді, мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің оқу-әдістемелік мәселелері бойынша жұмысты, тәрбие жұмысын, аудандық әдістемелік кабинет жұмысын, ұйымдастырып, қадағалайды; балалар мен жасөспірідердің сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруды бақылап, жетекшілік етеді; мемлекеттік стандарттың орындалуын, қосымша білім беру мекемелерінің жұмысын бақылайды; білім беру мекемелерінің педагогтарын аттестаттау барысын қадағалайды; жалпыға бірдей міндетті білім берудің қамтамасыз етілуін, 9,11 (12) сынып оқушыларын мемлекеттік (қорытынды) аттестаттаудан өткізуді, ҰБТ мен ОЖСБ-ның өткізілуін бақылайды; аудан бойынша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының сапалы ұйымдастырылуын қадағалайды; білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, білім беру мекемелерінің жүргізген жұмысы бойынша сараптамалық ақпаратты дайындайды; бөлім жұмысын жоспарлайды; мектеп директорлары кеңесінің, аппараттық кеңестердің дайындығын бақылайды; азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Бөлім мамандарының, әдіскерлердің жұмысын, аудан бойынша білім беру сапасының жүйесін реттейді; білім беру саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуын, білім беру сапасын көтеру бойынша шаралардың қамтамасыз етілуін және білім беру мекемелерінде инновациялық жұмыстың ұйымдастырылуы мен сапасын бақылайды; заңнамада белгіленген басқа да өкілеттікті жүзеге асырады. 

   
Фахрутдинова Адия Мамаевна Білім беру бөлімінің бас маманы- Фахрутдинова  Адия Мамаевна
Қызметтік міндеттері: Білім беру бөлімінің басшысының болмаған жағдайында қызметті жалпылама бассқару.
Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық қамтылуына жауап береді. Аудан мектептерінің жөнде жұмыстары, жылыту жүйесі, отынмен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады. Мектептердің жаңа оқу жылына сапалы дайындығын бақылайды; мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруды бақылайды; оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылайды; басшылыққа алу мәселелері бойынша білім беру мекемелерінің және білім бөлімінің жұмысы мәселелері бойынша қорытынды аналитикалық ақпараттарды дайындауды жүзеге асырады. Басшылыққа алу мәселелері бойынша білім беру жүйесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әр ай сайын және әр жыл сайынғы есептерді құрады.
   
Сапарова Назира Тоқтаровна Білім беру бөлімінің бас маманы – Сапарова   Назира Токтаровна
Қызметтік міндеттері: Кадрлар туралы мәлметтер банкін құрады, білім беру мекемелерінің педагогикалық кадрлерге қажеттілігін зерттейді; Мектеп басшыларымен бірге сапалы педагогикалық кадрлардың құрамын жүзеге асырады; ведомствалық білім беру мекемелерінің ваканттық бос лауазымдарға оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасарлары, тәрбие жұмыс жөніндегі директор орынбасарлары, бас есепшілерді тағайындауға келісімді бақылауды жүзеге асырады; оқу орындарының педагогикалық факультеттердің түлектерін ауданның білім беру мекемелеріне қызметке бөлуге қатысады, білім беру мекемелерінде жас мамандармен жұмысты бақылауды жүзеге асырады.  Ауданның білім беру мекемелері басшыларының ваканттық лауазымдарға орналасуға конкурстарды дайындау және өткізк жұмысын жүргізеді; білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерін марапаттауға құжаттар жинайды; бөлімде іс құжаттарын жүргізу және электрондық құжаттар айналымын бақылауды жүзеге асырады, жеке іс-қағаздарын жүргізеді; ауданның білім беру мекемелері басшыларының еңбек кітапшаларын, ауданның білім беру мекемелеріндегі кадрлардың қызмет орнын ауыстыру құжаттарын дайындайды (қызметке алу, қызметтен босату бұйрықтары еңбек демалысына шығару,  лауазымдық қызметке тағайындау), жаңа жұмыс орындарын құру бойынша әр ай сайын, әр жыл сайынғы есептер құрайды, азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады, бөлімде кадрлық қызметтерді жүргізеді. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің аттестациядан өтуіне құжаттар дайындайды және өткізуді жүзеге асырады, ваканттық әкімшілік лауазымдарға ашық конкурстарға құжаттар дайындайды және өткізуді жүзеге асырады;  мемлекеттің қызметкерлердің қайта даярлау курстарынан өтуін, мемлекеттік қызметкерлердің ар кодексінің сақтауын, мемлекеттік қызмет туралы және жемқорлыққа қарсы заңнамалардың орындалуын бақылайды, аудан әкімшілігінің кадрлық қызметіне әр ай сайын және әр тоқсандық статистикалық есептерін дайындайды. Білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметтерін ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады, жалпы білім беру мекемелерінің қатаң есептік құжаттарымен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады(куәліктер, аттестаттар, анықтамалар, мақтау қағаздары, мақтау грамоталары) және олардың есебін, берілуін бақылауды жүзеге асырады. 

 

Парақтар өзгертілді: 02-11-2017