Мемлекеттік мекемелер

«Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

«Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Президент және Үкіметтің актілеріне, аудан әкімінің, жер қатынастарының облыстық басқармасының бұрықтарына (өкімдеріне), басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүргізеді.

Кунафин Самат БақытбековичЖер қатынастар бөлімінің басшысы – Кунафин Самат Бақытбекович
12 сәуір 1971 жылы Семей облысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары,  1996 жылы Семей зооветеринарлық институтын бітірді, 2004 жылы ҚР ІІД – ның заң институтын бітірді. Үйленген, үш баласы бар.

Еңбек жолы:
01.07.1996 – 20.07.1997 жж  Аухадиеватындағы колхозға Ветеринариялық дәрігер ретінде қабылданды.
11.05.1998 жж ҚР ішкі істер органы,  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындақызмет.
1999 – 2003 жж ҚР, Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органы, Абай ауданында қызмет. 
2003 - 2006 жж ҚР, Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органы, Ұрджар ауданында қызмет. 
2006 - 2012 жж ҚР, Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органы, Көкпекті ауданында қызмет. 
2012 - 2016 жж ҚР, Шығыс Қазақстан облысыКөкпекті ауданы Самар ПБ- де қызмет. 
2017 -2019 ж. 14 тамызынан бастап Құлынжон селолық округі әкімінің міндетін атқарушы.
12.06.2019 ж Жер қатынастар бөлімнің басшысы

Лауазымдық міндеттері:

экономикалық және жер реформаларының негізгі бағытын жетілдіру және тереңдетудегі жұмыстарды ұйымдастыру, осы бағыттардағы аграрлық сектордың келешегін анықтау, олардың дамуының тенденциясын сараптау. Егін шаруашылығындағы мемлекеттік, экономикалық, техникалық, технологиялық саясатты іске асыруды ұйымдастыру. Аграрлық сектордағы барлық меншік және шаруашылық нысандарын дамыту, агросервис енгізуге жәрдемдесу.

Ауданның аграрлық секторының дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу. Экономикалық және жер реформалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру.

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні 14:00-ден 18:00-ге дейін, сәрсенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін
Телефон:8(72 348) 2-11- 45
Электрондық пошта адресі: zemelniotdel@kokpekti.vko.gov.kz

Алкенов Куат Кумарбекович

Бас маман: Алкенов Куат Кумарбекович

Функционалдық міндеттері:
Иесіз жер телімдерін есепке қою, жер телімдерін беру және оның пайдалану мақсатын өзгерту туралы аудандық жергілікті атқарушы органның ұсынысы және жоба шешімдерін дайындау, мемлекеттік қажеттіліктерге жер телімдерін ықтиярсыз алып қою туралы ұсыныстарды әзірлеу, жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау,  ауданның жер балансын жасау, жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар мен басқа да субъектілердің жер құқықтық қатынастары туралы есеп жүргізу, жоғарғы органға жер реформасының барысында жерді қайта бөлу, аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар, иммиграциялық жер қоры және оны қоныс аударушыларға пайдалану үшін беру, ауданның арнайы жер қоры туралы ақпараттарды беру, жер қатынастары мәселелеріне қатысты облыстық және аудандық әкімияттардың қаулыларының орындалу барысы жөнінде ақпараттар әзірлеу, жер телімдерін сатып алу-сату, жалға беру және уақытшы өтеусіз жер пайдалану шарттарының жобасын дайындау, аудандық жер комиссиясының жеке және заңды тұлғаларға сұраған жер телімдерін беру несесе бермеу туралы шешімдерінің хаттамасын дайындау.

   
Абдельдинова Динара Манаповна

Жетекші маман: Кунанова Жанна Бакытбековна

Функционалдық міндеттері:
Құқықтық мәселелерді қарастырған кезде сотта, сондай-ақ басқа органдарда белгіленген тәртіпте уәкілетті органның мүддесін қорғауда өкілдік ету. Қаулылардың, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, өкімдердің және бесқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобалардын дайындаған кезде олардың қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру. Заңды жүзеге асыруды насихаттау бойынша іс-шаралар әзірлеу, бөлімде құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Прокуратураның ұсынымы және наразылықтары бойынша жұмысты жүргізу. Құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру. Облыс әкімінің және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын, қаулыларын, сондай-ақ өкімдердің орындалу барысын қадағалайды және орындау. Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

   

 

Парақтар өзгертілді: 19-06-2019