Мемлекеттік мекемелер

Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

  «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

2005 жылы 28 ақпанда тіркелген. «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкпекті ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелерін жүзеге асыруға және реттеуге аудандық әкімиятпен уәкілеттенген мемлекеттік орган болып келеді. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, аудан әкімиятының қаулыларына, облыстық және аудандық мәслихаттарының шешімдеріне – депутаттар жиналыстарына, басқа да құқықтық актілерне сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Оразғалиева Бақыт Есімханқызы Бөлім басшысы - Оразғалиева Бақыт Есімханқызы

1965 жылы 16 маусымда Семей облысы Көкпекті ауданы Большевик ауылында туған, ұлты қазақ.
Білімі жоғары, 1990 ж. Қарағанды кооперативтік институтын экономист мамандығы бойынша тәмәмдады.
Диплом алғаннан кейін еңбек қызметін Большевик совхозының бухгалтерінің орынбасары ретінде бастаған
1993-1996 ж.ж. - Мемлекеттік қаржы бақылау бөлімшесінің бақылаушы-ревизоры, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
1996-1998 ж.ж.- Мемлекеттік қаржы бақылау бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
1998-1999 ж.ж. - Аудан әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
1999-2005 ж.ж. - Аудан әкімі аппаратының экономика бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
2005-2006 ж.ж. - Экономика және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
2006-2010 ж.ж.- Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
2010 – 2012 ж.ж. Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары.
2012. жылдың қантар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Лауазымдық міндеттер:

Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін басқарады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік етеді, аудан әкімінің келісімі бойынша шығын сметаларын, белгіленген еңбек ақы қорының және жұмысшылар санының шегінде бөлімнің штаттық кестесін бекітеді, қаражат шығындарына бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, бөлім құзыретінде кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, табысы аз азаматтарды тексеру актілерін жүргізеді. Құжаттарды өндейді, хаттар мен өтініштерге жазбаша жауап береді. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді қарттар үйіне орналастыру. Атаулы әлеуметтік көмек ақшасын есептеуге бақылау жасайды.

Бөлімнің функциялары:

Көкпекті ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады,жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді,жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдайды, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастырады, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асырады, халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді, жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Адресі: Шериаздана көшесі, 61,
Электрондық пошта адресі: ozsp@kokpekti.vko.gov.kz
Телефон: 8 (872348) 79-019
Қабылдау уақыты: сәрсенбі күні сағат 9.00 –ден 13.00 –ге дейін, бейсенбі күні сағат 14.00 –ден 18.00 –ге дейін

Ботантаева Айгүл  Бөлім басшысының орынбасары - Ботантаева   Айгүл Кудайбергеновна

1965 жылы 27 қаңтарда Семей облысы Жарма ауданы Жарма станциясында дүниеге келген.
Жоғары білімді, 1989 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірді.
1992-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Халық кеңесі» газетінде қызмет атқарды.
1999-2005 жылдары Көкпекті ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінде бас маман, 2005-2006 жылдары аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман.
2006 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін жалпы басқару, ұйымдастыру және бақылау; бөлімдегі әлеуметтік және жұмыспен қамту мәселелерін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды қадағалайды; аумақтық даму бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Өрлеу» бағдарламаларының жүзеге асырылуын бақылауға алады; бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастырады; комиссиялардың жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді және қадағалайды; Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіріп, тәжірибелік жұмыстарға көмек көрсетеді; шығыс құжаттардың мемлекеттік тілде орындалуын қадағалайды; облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының, қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді және ақпарат береді; көші-қон саясатының мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді; облыстық басқармалардан, аудандық кеңсе бөлімінен, ЭҚАБ-тан келіп түскен тапсырмалардың уақытында орындалуын қадағалап, бақылау жасайды; аудан әкімімен бекітілген аудандық іс-шаралар бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады; бөлімнің жылдық және айлық жұмыс жоспарын жасап, аудан әкіміне бөлімнің атқарылған жұмыстары және міндеттері туралы жылдық есеп ұсынады; өзінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініш-арыздарын қарайды; жұмыс барысында бөлім қызметкерлерінің этикасы мен тәртібі сақталуын қадағалайды; бөлім басшысының функционалдық міндеттер бойынша берген тапсырмаларын орындайды.

Бекітілген жауапты тұлғаның аты-жөні, байланыс тел

Оразгалиева Бакыт Есимхановна

Кабдешова  Гульнар Болатовна 26.03.1989 г.р 
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІнің жетекші маманы

 Тел: 8(72348)30-105
 Адрес электронной почты: ozsp@kokpekti.vko.gov.k

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
Бишуакова Айгуль Шакеновна

Бишуакова Айгуль Шакеновна 01.02.1961 г.р.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІнің бас маманы

 Тел: 8(72348)2-00-07
 Адрес электронной почты: ozsp@kokpekti.vko.gov.kz

 
Оразгалиева Бакыт Есимхановна

Калиева  Махаббат Муратовна 17.12.1988 г.р.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІнің бас есепші

 Тел: 8(72348)2-19-51
 Адрес электронной почты: ozsp_buh_kokpekty@mail.ru

Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау
Мейренбекова Мөлдір Мейренбекқызы

Мейренбекова Мөлдір Мейренбекқызы 19.11.1992 г.р.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІнің инспекторі

 Тел: 8(72348)2-19-51
 Адрес электронной почты: ozsp_buh_kokpekty@mail.ru

 

Тыныбаева Гульжан Нургазыевна 23.09.1987 г.р.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІнің инспекторы

 Тел: 8(72348)2-00-08
 Адрес электронной почты:ozsp@kokpekti.vko.gov.kz

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу

Туякбаева Алия Касымбековна 10.02.1969 г.р.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІнің бас маманы

 Тел: 8(72348)3-00-09
 Адрес электронной почты:  :  ozsp@kokpekti.vko.gov.kz

1. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу.
2. Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық құралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу.
3. Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тiл маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу.
4. Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу.
5. Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу.
6 Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу.
Акижанова Айгерим

Акижанова Айгерим 02.07.1987 г.р.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІнің бас маманы

 Тел: 8(72348)2-19-51
 Адрес электронной почты:  :  ozsp@kokpekti.vko.gov.kz

 

  Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат *.doc 60 KB

 

Парақтар өзгертілді: 17-01-2017