Мемлекеттік мекемелер

Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

  «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

Нұғыбаев Бек Назарбекұлы Бөлім басшысы – Нұғыбаев Бек Назарбекұлы

1982 жылы 17 наурызда Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білім жоғары. Бүкіләлемтарих бакалавры мамандығы бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірді.

Қызметтік тізімі:

09.2003 – 11.2003 – ШҚО, Көкпекті ауданы, Петропавловка ауылы, Петропавловка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
12.2003 – 04. 2004 – ШҚО,Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Ж.Шайжүнісов атындағы «Мектеп-балабақша» кешенінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі
04.2004 – 05.2005 – Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Шекара Қызметі, 2091 әскери бөлімінде әскери қызмет. 
08.2005 – 04.2008 – ШҚО, Семей қаласы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, 44734 әскери бөлімінде, келісімшарт негізінде әскери қызмет.
09.2008 – 11.2008 – Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
11.2008 – 02.2012 – Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы.
02.2012 – 01.2013 – Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы
01.2013 – жылдан қазіргі уақытқа дейін Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы

Лауазымдық міндеттері:

Ауданда саясаи жоспарлауды, мониторингті ұйымдастыру, қоғамдық – саяси жағдайды талдау және болжалау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру. Барлық ведомстволық бағынысты мекемелерінде кадрларды іріктеу, орналастыру. Қаржы жұмыстарын, бюджетті жоспарулауды, шығын сметасын жасауды, төленетін қызмет көрсетудің талдау жұмыстарын ұйымдастыру.Арыздарды, хаттарды, жұмысшылар өтініштерін қарауды ұйымдастыру, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру. Саяси жоспарлауды жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу, ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдарының жұмыстарын үйлестіру.Саяси партияларының және қоғамдық ұйымдарының, үкіметтік емес секторларының қызметтерінің мониторингін жүргізу. Қоғамдық – саяси саласында, дінде және басқа салаларда өзгерістер бойынша талдау материалдарын дайындау, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.

Қабылдау уақыты: сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 14.00 –ден 18.00 –ге дейін.
Телефон: 8 (872348) 2-21-93
Электрондық пошта адресі: Kokpektiovp@kokpekti.vko.gov.kz
Адресі: Ш. Фахрутдинов көшесі 44/А

 

Далилов Ерлан Кәлімбекұлы

Бөлімінің бас маманы: Далилов Ерлан Калимбекұлы

Функционалдық міндеттер:
Бөлім басшысы жоқ болған жағдайда бөлім басшысының міндетін атқарады. Көрнекі ақпараттық саясатты жүзеге асыру. Ауданда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының іске асырылуын үйлестіру. Саяси партиялармен жұмыс жүргізу. Аналитикалық топтың жұмысын үйлестіріп, әлеуметтік сауалнамалар жүргізу. Аудандық газетке мониторинг жүргізу. Республикалық, облыстық, аудандық қоғамдық-саяси басылымдарға жазылуды жүзеге асыру. «Ішкі саясат бөлімінің аймақтық даму бағдарламасындағы» көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету. Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылыққа мониторинг жүргізу. Облыстық, аудандық құжаттармен жұмыс жүргізу.

   
Рахимбаев Азат Қайратұлы

Бөлімінің бас маманы: Рахимбаев Азат Қайратұлы

Функционалдық міндеттер:
Мемлекеттік және кәсіби мерекелерді ұйымдастырудағы мазмұнының идеологиялық дұрыс болуын қамтамасыз ету. Аудан әкімінің тезистерін, құттықтауларын, алғыс хаттарын дайындау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы республикалық, облыстық, аудандық баспалар арқылы жариялау. Ауданның денсаулық сақтау мекемелерімен жұмыс жүргізу. Республикалық, облыстық, аудандық түрлі акциялармен жұмыс жүргізу. Діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

   
Кусманов Рахат Жуматович

Жетекші маман: Кусманов Рахат Жуматович

«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын» жүзеге асыру. Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Ақпараттық саясатты іске асыру, ақпараттық топтарымен жұмыс жүргізу. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу.  Әлеуметтік желілерімен жұмыс жүргізу. Республикалық, облыстық теледидардармен жұмыс жүргізу. Қоғамдық Кеңеспен жұмыс жүргізу.

   

 

Парақтар өзгертілді: 11-10-2017